ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ КҮШТЕРДІҢ «ҚАЗАҚСТАН – 2050» ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ КОАЛИЦИЯСЫНЫҢ ҮНДЕУІ

1962
0
Бөлісу:

ҚҰРМЕТТІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР!
Біз, барлық әлеуметтік топтар мен өңірлердің мүдделерін біл­діретін Демократиялық күштер­дің «Қазақстан – 2050» жал­пыұлт­тық коалициясының мү­шелері, еліміздің жетекші саяси партияларының, Қазақстан халқы ассамблеясының, ірі қоғамдық бірлестіктердің, үкі­меттік емес ұйымдардың өкіл­дері:
Еліміздің Тұңғыш Президен­тінің көшбасшылығын және жалпы әлемдегі мықты, табысты және құрметті мемлекет ретінде тәуелсіз Қазақстанды құрудағы президенттілік институтының тарихи маңызын жоғары бағалай отырып;
Елбасымыздың мемлекет­ті­лікті нығайтуға, республи­ка­мызды одан әрі саяси, эко­номикалық және әлеуметтік жаңғыртуға арналған Мемлекет­тік бағытын толығымен қолдай отырып;
Мемлекет басшысының келер заманның жаһандық және өңірлік қауіп-қатерлеріне әрекет ету қажеттілігі туралы ұстанымын қолдай отырып;
Қазақстан Президенті сая­си жүйені одан әрі демокра­тия­ландыру үшін мемлекеттік билік тараптары арасында өкі­лет­тіктерді қайта бөлу, сондай-ақ «Бес институционалды реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру және еліміздің әлемдегі 30 же­текші мемлекеттің қатарына кіру бойынша «Қазақстан – 2050» стратегиясының мақсаттарына қол жеткізу жөнінде ұсынып отыр­ған реформасының ерекше маңызын ескере отырып; зама­науи қоғамдық процестердің жылдамдығы мен күрделілігін және Қазақстан азаматтары мен болашақ ұрпақ алдындағы өзіміздің жауапкершілігімізді түсіне отырып;
Қазақстанның барлық аза­мат­тарын Елбасымыздың мем­лекеттік билік тараптары ара­сында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша бастамасын талқылауға белсенді қатысып, қолдауға шақырамыз.
Елбасымыздың мемлекеттік басқарудың тиімді және үйлес­тірілген жүйесін қамтамасыз ету бойынша ұсынып отырған жаңа реформасы Қазақстанды саяси трансформациялаудың эволю­циялық кезеңі және қа­зақ­стан­дық мемлекеттілік пен демокра­тияны дамыту жолының логи­калық жалғасы.
Үкіметтің экономика са­ла­сындағы атқарушылық өкілет­тіктері мен дербестілігін кеңейту және оның жауапкершілігі мен Парламент алдындағы есептілігін күшейту еліміздің бірнеше жыл­ға алға саяси тұрақтылығын қам­тамасыз етуге негіз жасайды.
Парламенттің бақылау функ­цияларын күшейту Үкіметтен ағымдағы және стратегиялық жұ­мысының сапалы жаңа деңгейін, айқындылығы мен жоғары заң­на­малық органға, яғни, Қазақ­стан халқына есептілігін артты­руды талап етеді.
Парламенттің рөлін күшейту саяси процестің белсенді субъек­тілері, қоғамдық пікірталас пен дебаттардың негізгі орталық­тары, кең әлеуметтік топтардың мүдделерін атқарушы ретінде Қазақстанның барлық саяси пар­тияларының дамуына жаңа мүм­кіндік тудырады.
Күтіліп отырған реформалар – еліміз үшін аса маңызды және оған Қазақстанның әр азаматы­ның қатысуын талап етеді.
Жаңа Қазақстанның Тәуел­сіздік жылдарында жүріп өткен бірегей тарихи жолы, жалпыұлт­тық бірлік, хал­қы­мыздың рухани күші, ұлтымыз­дың сапасы, оның заман талап­тарын қабылдау және тек алға даму қабілеттері мемле­кетіміздің жетістігін айқындаушы факторы болғанына және бола­тынына анық көз жеткіздік.
Демократиялық күштердің «Қа­зақстан» жалпыұлттық коали­циясының мүшелері қазақстандықтардың болашақ ұрпақтары үшін барлық аза­маттарды Елбасымыздың бас­тамаларын қолдауға шақырады.
«Нұр Отан» партиясы, «Ақ Жол» Демократиялық партиясы, «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы, Қазақстан Коммунистік халықтық партиясы, «Бірлік» саяси партиясы, «Қазақстан кә­сіпкерлері форумы» заң­ды тұлға­лар бірлестігі, «Респуб­ликалық әйелдер кеңесі» қоғам­дық бір­лестігі, «Қазақстан Рес­публикасы Президентінің ха­лықаралық «Бо­лашақ» стипен­диясы стипендиат­тарының қа­уым­дастығы» қо­ғамдық бір­лестігі, «Қазақстанның аза­мат­тық альянсы» заңды тұлға­лар бірлестігі, «Қазақстан Рес­пуб­ликасы Қарулы күштерінің ардагерлері» қоғамдық бірлестігі, «Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясы» республикалық қоғамдық бір­лестігі, «Қазақстан Респуб­ли­ка­сының Ұлттық ғылымдар ака­демиясы» республикалық қоғам­дық бірлестігі, «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі, «Қазақстанның кә­сіпкер әйелдері одағы» қоғам­дық бірлестігі, «Қазақстан Рес­публикасының кәсіподақтар федерациясы» республикалық кәсіподақтар бірлестігі, Қазақстан кәсіпкерлерінің «Атамекен» ұлт­тық палатасы, «Жасыл» эко­номиканы қолдау және G-Global-ды да­мыту коалициясы» заңды тұлғалар бірлестігі, «Қазақстан тұтынушыларының ұлттық ли­гасы» қоғамдық бірлестігі, Қазақ­станның іскер әйелдер қауым­дастығы» республикалық қоғам­дық бірлестігі, «Қазақстан ар­дагерлері» Ауғанстан соғысы ардагерлерінің қауымдастығы, «Қазақстан украиндары радасы» қоғамдық бірлестігі, «Қазақстан­ның дағдарыс орталықтары одағы» заңды тұлғалар бірлестігі, «Қа­зақстан мүгедектерінің конфеде­рациясы» республикалық қоғам­дық бірлестігі, «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» республикалық қоғам­дық бірлестігі, «Жұлдыз» балалар қоғамдық ұйымдарының одағы» қоғамдық бірлестігі.
2017 жылғы 26 қаңтар

Бөлісу:

Пікір жазу


*