Үкімет басшысы кеңес өткізді

1504
0
Бөлісу:

Кеше Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев ҚР мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Премьер-министр кеңесте Президенттің «Қазақстан Рес­публикасының мемлекеттік бас­қару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Жарлығын іске асыру мәселелері туралы айтып, алдағы уақытта атқарылар жұмыстарды талқыға салды.
Сондай-ақ кеңес барысында тиісті министрліктер мен ведом­стволарды қайта ұйымдастыру жөніндегі ұйымдастырушылық мәселелер қаралды. Естеріңізге салар болсақ, қаңтардың 25 күні Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республи­ка­сының мемлекеттік басқару жү­йесін одан әрі жетілдіру тура­лы» Жарлыққа қол қойып, нәти­жесінде Үкіметтің құрамы өзгер­ген болатын. Жаңадан Денсаулық сақтау министрлігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі құрылған еді. Соны­мен қатар бірқатар министрлік­тердің өкілеттіліктері мен функ­цияларына өзгерістер енгізілген болатын. Әрі Президент өз жар­лығында 2017 жылдың 1 шілдесіне дейін Жарлықты іске асыру бойын­ша өзге де шараларды қабылдауды Үкіметке тапсырған-ды. Үкімет Елбасы жарлығын жү­зеге асыруға қызу кірісіп кетті.

Бөлісу:

Пікір жазу


*