Чилиде бұрын соңды болмаған алапат өрт басылмай тұр

1206
0
Бөлісу:
өрт

 Чилиде ел тарихында болмаған ең жойқын орман өрттері басылмай тұр, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі.

Қазір тілсіз жаудан шамамен 200 мың шаршы шақырым орман зардап шекті. Жергілікті билік кішігірім Санта-Ольга қалашығының толық жойылғанын хабарлады. Ондағы төрт мыңдай тұрғын түгелге жуық баспанасыз қалды. Чилиге осы бағатта халықаралық көмек әлі де келіп жатыр. Бірнеше мемлекет құтқарушылар жасағы мен техникаларын жіберуде. Ресей Ил-76 өрт сөндіру ұшағын жіберді. Әуе кемесі бір мезетте 42 тонна су шаша алады. Сонымен қатар АҚШ-та әлемдегі ең үлкен өрт сөндіретін ұшағын Чилиге аттандырды. 25 қаңтарда келіп жеткен Boeing 747 басқа ұшақтарға қарағанда 22 есе көп су алып ұша алады.

ҚазАқпарат

Бөлісу:

Пікір жазу


*