Ресейге жасалған санкция алынатын болды

1365
0
Бөлісу:
санкция

Бұл хабардың анық-қанығы әлі толық нақтыланған жоқ. Бірақ шетелдің бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында Ақ үйге келгеніне бір апта болған Дональд Трамп «Ресейге қарсы жасалған санкцияны біржақты алып тастау жөнінде Жарлықты дайындауға рұқсат берді» деген ақпарат тарады.
Бұл туралы Atlantic Council сараптамалық орталығының ғылыми қызметкері Фабрис Потье бірқатар дерек көздеріне сілтеме жасай отырып хабарлаған. Ал Американың Politico басылымының қызметкері Сьюзен Глассер бұл ақпараттың ақиқат екенін айтып, дайындалып жатқан Жарлыққа сәйкес, «санкция біржақты алынып тасталынады» деген ақпаратты қуаттады.
Жалпы бұл әңгіменің шығып жатқаны бүгін емес. Осыдан бірер апта бұрын Ресейдің kp.ru ақпараттық сайты Ақ үй қожайыны Дональд Трамптың кеңесшісі Энтони Скарамуччидің «Ресейге қарсы қолданылған Батыс елдерінің санкциясы ешқандай пайда берген жоқ, қайта орыс халқы Путиннің маңайына бұрынғыдан да тығыз топтасты» деген мәлімдемесін жариялағаны белгілі.
…Бұл ақпараттың анық-қанығы әлі белгісіз. Десек те, күрделі жағдайға ұласқан бұл мәселе биыл шешіледі деген болжам бар.

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ

Бөлісу:

Пікір жазу


*