Универсиада алауы Алматыда лаулады (фото)

709
0
Бөлісу:

Алматыда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 2017 жылғы 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиада Алауы эстафетасының басты алауы жағылды. Шараға Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек қатысты.

Бауыржан Байбек, Алматы қаласының әкімі:

-Дүние жүзіндегі ауқымды дода қасиетті қазақ жерінде алғаш рет өтіп жатыр. Оған Елбасымыз қолдау танытты. Бұл – әлем жұртшылығының Қазақстан Республикасы мен оның жасампаз халқына, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа деген ерекше сенімі және лайықты құрметі. Универсиада алауының тұтату рәсімі еліміздің барлық өңірінде өтіп, оған 100-ден астам ЖОО-ның студенті қатысты. Астанадағы алауды Елбасының өзі тұтатты. Міне, Универсиада алауы Алматы төріне де келіп жетті. Баршаңызды бүгінгі қуаныштарыңызбен шын жүректен құттықтаймыз. Универсиада, қанатыңды кең серпі!,-деді.

2500 шақырымды еңсерген эстафета ҚазҰУ-дан басталып, эстафетаға Дмитрий Баландин, Сәбина Алтынбекова, Жақсылық Үшкімпіров, Нұртас Адамбай, Ольга Шишигина, Ермахан Ибрайымов, Қайрат Нұртас және өзге де танымал азаматтар қатысты.

Бауыржан Байбек, Алматы қаласының әкімі

Дмитрий Баландин, Олимпиада чемпионы

Сәбина Алтынбекова, сұлулығымен әлемді таң қалдырған волейболшы қыз

Қайрат Закирьянов, Қазақ спорт және туризм академиясының президенті, профессор

Қайрат Нұртас, әнші

Ольга Васильевна Шишигина, қазақстандық жеңіл атлет, спринтерші, Сидней олимпиадасының чемпионы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері.

Ғалым Мұтанов, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры, академик.

Грек-рим күресінің палуаны, спорт шебері, Халықаралық спорт шебері, Еңбек сіңірген спорт шебері, алтын медальге иеленген қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров пен боксшы, халықаралық спорт шебері, Сидней Олимпиадасының жеңімпазы Ермахан Ибрайымов.

 Дмитрий Петрухин, Қазақстандық байкер

Халықаралық студенттер спорты федерациясының (FISU) президенті Олег Матыцин 2017 жылғы Универсиадаға дайындықты жоғары бағалады.

Олег Матыцин, Халықаралық студенттер спорты федерациясының (FISU) президенті:

-Ең алдымен, FISU командасы атынан қазақ жерінде Универсиада өткізуге көмектескендердің барлығына алғыс білдіремін. Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа рахмет айтамын, ұйымдастыру комитетіне, сондай-ақ күндіз-түні жұмыс істеген азаматтарға алғысым шексіз.Қонақжайлықтары үшін -Алматыға көп рахмет!

Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ,

суреттерді түсірген автор

Бөлісу:

Пікір жазу


*