Трамптың жарлығы елде тұрақсыздық туғызады

1214
0
Бөлісу:
Трамп

АҚШ президенті Дональд Трамп жұма күні екі жарлыққа қол қойып, айды аспанға бір-ақ шығарды. Оның біріншісі мигранттарға қатысты болса, екіншісі –АҚШ-тың қарулы күштерін қайта құруға байланысты болып отыр.
-«Бізге радикалды ислам өкілдерінің түкке де керегі жоқ. Сондықтан олар үшін АҚШ-тың есігі мәңгі жабық», – деп шорт кесті Трамп. Оның алдында тағы екі жарлыққа қол қойған Трамптың бұл әрекетін сан-саққа жүгіртіп жатқандар баршылық. Мексикамен аралықта қабырға тұрғызуға қатысты жарлық та жұртшылықтың ашу-ызасын туғызды. Елдің ішкі қауіпсіздігін нығайтуға қатысты бұйрық та береке әкеле ме, жоқ па, оны уақыт көрсетер.
Әрине, қарулы күштерді қайта құруға қатысты мәселені бәрі де құптап отыр. Пентагонның басшысы Джеймс Мэтис «Бұл жаңа ұшақтар, мен корабльдер және Америка үшін керекті реформа» деп атады.
⦁ «Әңгіме Қарулы күштерге келіп тірелгенде, ешқандай талқы болмауы қажет. Мәселенің сөзден гөрі іске асқаны дұрыс»,- деді Трамп.
Бірақ қазірдің өзінде конгрестегі бірқатар демократтар елге мұсылман елдерінен келетін босқындардың ағынын тоқтату туралы Трамптың жарлығын «адам құқын бұзу» деп атады. «Бұл Американы «Ислам мемлекеті» содырларынан қорғау емес, қайта олардың наразылығын өршіту және АҚШ-тың кері кетуі, сонымен қатар, Ақ үйге опа бермейтін жарлықтардың бірі» деп атады. Ал Трамптың бақталастарының бірі сенатор-демократ Элизабет Уоррен «мұсылман елдерінен келетін босқындарға тоқтау салу – бұл сатқындық және америкалық құндылықты бағаламау. Ислам дініне, яғни босқындарға теріс қарау –содырлардың қатарын көбейтеді және тағы басқа радикалды исламдық топтардың наразылығын арттырады. Сондықтан президент Трамптың бұл әрекеті Америка халқына қауіп -қатерді күшейтеді»,- деп есептейді.
Берік БЕЙСЕНҰЛЫ

Бөлісу:

Пікір жазу


*