Ангела Меркель АҚШ-ты неге сынға алды?

925
0
Бөлісу:

Германия канцлері Ангела Меркель Құрама Штаттар президенті Дональд Трамптың босқындар мен жеті мұсылман елінің азаматтарын АҚШ-қа баруына тыйым салатын жарлығын «қателік» деп атады.

Канцлердің пікірінше, терроризммен күресті күшейту үшін адамдардың шығу тегі мен діни сеніміне күмән келтіруге ешқандай негіз жоқ. Бұл туралы Германия үкіметінің ресми өкілі Штеффен Зайберт 29 қаңтарда мәлімдеді.

Зайберттің айтуынша, босқындар мәртебесі туралы Женева конвенциясына қол қойған мемлекеттер соғыстан қашқан адамдарға адамгершілік танытып, оларды қабылдауды міндетіне алды.

Германия канцлері Меркель АҚШ президенті Трамппен телефон арқылы сөйлесіп, оны G20 тобының саммитіне шақырды. Саммит биыл шілде айында Гамбургте өтеді, деп жазады centralasian.org.

https://baq.kz/kk/news/alem/angela_merkel_aksh_prezidentinin_boskindar_turali_zharligin_singa_aldi20170130_085300

Бөлісу:

Пікір жазу


*

Оқуға кеңес береміз