«Жан жылуы» жеткіншектер жанына шуақ шашты

971
0
Бөлісу:

«Нұр Отан» партиясының «Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ» жобасы аясында жер-жерлерде қайырымдылық шаралары ұйымдастырылуда. Осы партияның Жамбыл аудандық филиалы  Ұзынағаш ауылының «Karaoke Bar» дәмханасында «Жан жылуы» атты қайырымдылық акциясын өткізіп, аялы алақанға мұқтаж жеткіншектердің жанына жылу, жүзіне қуаныш сыйлады.
Партия бастамасымен жүзеге асырылып отырған жобаның басты мақсаты – жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалған және мүмкіндігі шектеулі балалардың қатар-құрбыларынан қалмай балалық шағының бар қызығы мен қуанышын көруін қамтамасыз ету. «Бір сәбиді қуантсаң, мың періште шаттанады» дегендей, балалардың жүзіне шаттық орнатуға бағытталған арапатты шараға аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ж. Чажабаев, аудандық мәслихаттың депутаты С. Ақшалова, аудандық білім бөлімінің маманы С. Қонақбаев, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары, партия мүшелері мен «Жас ұлан» оқушылар үйінің қызметкерлері қатысты.
«Шарапатты шараны өткізудегі негізгі мақсатымыз ата-ана қамқорлығынсыз қалғандықтан және отбасындағы әлеуметтік жағдайдың төмендігінен сырт қамқорлық пен қайырымдылыққа мұқтаж жеткіншектерге жан жылын сыйлау арқыл қатарларынан қалмауына жағдай жасау. «Нұротандықтар» мұндай қайырымдылық шараларынан ешқашан сырт қалып көрген емес. Олар әрдайым бүлдіршендерге, көмекке зәру әр қазақстандыққа жәрдемдесуге дайын. Мұндай игі шаралар партияның бірнеше жоспарлы жобалары арқылы жүзеге асуда. Сендердің бақытты балалық шақтарыңның бір күнін мерейлі мерекеге айналдыра алсақ, мақсатымыздың орындалғаны», – деген аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жұмабек Тоқаұлы Елбасының 25 қаңтарда  Қазақстан халқына арнаған Үндеуінің мақсаты да еліміздің ертеңі жарқын болуын қамтамасыз ету екендігін жас жеткіншектерге түсіндіріп, алдағы кезде жүзеге асырылатын саяси өзгерістер жайын баяндап берді.
Акцияға келген 35 бала өздері үшін  арнайы жайылған ақ дастарханнан дәм татып, караокеде ән шырқады, түрлі ойындарға белсене қатысты. «Жас ұланның» дарынды тәлімгерлері кішкентай көрермендерге өздері дайындаған концерттік бағдарламаны ұсынып, өнерлерін көрсетті.
Шарапатты шара барысында екі баланың білім қорына қаржылай көмек көрсетіліп, қоғамдық қабылдауға келген әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан тағы бір балаға есту аппараты сыйға тартылды. Аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары ізгі шараға демеушілік көрсеткен «Sungate ceрвис» ЖШС директоры, аудандық мәслихат депутаты Салтанат Ержігітқызына алғыс білдіріп, балалармен естелік суретке түсті.
Болат Абаған, Алматы облысы.

Бөлісу:

Пікір жазу


*