Әлемдік қауымдастық Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасын құптайды

329
0
Бөлісу:
Қазақстан

Қазақстан қазіргі заманғы демократия жолында

Гүлшара ӘБДІҚАЛЫҚОВА, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы: 

– Қазақстан биылғы жылы жан-жақ­ты әрі дәйекті дамудың ширек ғасыр­лық жаңа кезеңін бастады.
Бүгінгі таңда біздің еліміз нарықтық экономикасы мен демократиялық саяси жүйесі және дамып жатқан заманауи қоғамы бар қуатты мемлекет ретінде көрсетіп отыр. Сайып келгенде, алғашқы 25 жылдық кезеңіндегі Қазақстан Рес­пуб­ликасының құрылуы мен қалып­тасуының негізгі нәтижелері осындай.
Өмір бір орында тұрмайды. Бүгінде біздің алдымызда ел Президенті Нұрсұл­тан Назарбаев алға қойған мақ­саттардан туын­дайтын әрі жедел дамып жатқан жаһан­данудың күшті сын-қатерлерімен ұштасатын жаңа әлі мейлінше күрделі міндеттер тұр.
Сондықтан Елбасы терең әрі өзекті жаңа бастама – конституциялық рефор­маның жобасын ұсынды.
Біріншіден, мемлекеттік билік тар­мақ­тарының өкілеттіліктерін қайта бөлу – бұл мемлекеттің, экономиканың және қоғамның қол жеткізген даму деңгейін сезінуден туындайтын және елдің одан әрі дамуына бағытталатын қадам.
Екіншіден, әлемдік дамудың басты тренді – инклюзивті жаһандану бізден уақыттың күрделенген сын-қатерлеріне қатысты толымды жауаптарды табанды түрде талап етуде.
Үшіншіден, «Қазақстан – 2050» стратегиясының негізгі мақсаттарына қол жеткізу және әлемнің ең озық 30 елінің қатарына кіру үшін қазіргі уақыт талабы экономикалық және әлеуметтік-мәдени даму жолындағы саяси қон­дыр­ғыны жаңарту қажеттігін алға тартуда.
Конституциялық реформалар жо­басын бүкіл халықтық талқылауға шы­ғару бізді қазіргі заманғы демократия жолына бастап келе жатқан ұлт Көшбас­шысының аса жоғары саяси деңгейін айғақтайды.
Қазақстан әлемдік қауымдастықтың беделді әрі танылған мемлекеті, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде барша жұртшылыққа өркениетті дамуға сенімді де зерделі әрі батыл қадам жасап жатқанын тағы да айқындап отыр.

Қайрат МӘМИ, Жоғарғы сот төрағасы:

– Президенттің мемлекеттік билік тармақтарының арасындағы өкілет­тіктерді қайта бөлу туралы тапсырмасын іске асыру шеңберінде елдің құқықтық өрісінде түбегейлі өзгерістер өткізіледі.
Президенттің өкімімен тиісті жұмыс тобы құрылғаны өздеріңізге мәлім.
Жоғарғы сот алдағы реформаға қатысты өз пайымдауын енгізді.
Бұл ең алдымен, сот құрылысы және сот ісін жүргізу, сот төрелігін жүзеге асыру, Үкіметпен, Парламентпен, құқық қорғау және өзге де мемлекеттік орган­дармен өзара қарым-қатынас мәселеле­ріне қатысты тәсілдеріміз.
24 қаңтарда жұмыс тобының оты­рысына Мемлекет басшысы қатысты. Президентке осы мәселе бойынша әзір­ленген алдын ала ұсыныстар баяндалды.
Атап айтқанда, біздің салаға келсек, ең алдымен ел Конституциясының жекелеген нормаларын түзетуге қатысты ұсыныстар болды.
Ұлт жоспарының 17-қадамына сәйкес біздің саладағы конституциялық заңға толықтырулар енгізілгендігі өздеріңе белгілі. Олар бойынша судьялық лауазымдарға кандидаттарға өтілі және жасы бойынша қойылатын талаптар іс жүзінде өзгертілді.
Судьяларға қойылатын талаптарды конституциялық заңда белгілеу үшін осы нормалардың қарама-қайшылығын болдырмау мақсатында біз Конститу­цияның 79-бабына өзгерістер енгізуді ұсындық.
Конституцияның талаптарына сәйкестік туралы түрлі пікірлер үш­сатылы сот жүйесіне көшу және Жоғарғы сотқа қадағалау емес, кассациялық сатының мәртебесі мен функцияларын беру мәселелері талқыланған кезде айтылды.
Осыған байланысты, Консти­туцияның 81-бабына тиісті өзгерістер енгізу ұсынылды.
Әрі мәселелердің үшінші блогы прокуратураның мәртебесі, оның ішінде соттарға қатысты өкілеттіктеріне бай­ланысты.
Ұлт жоспарын іске асыру шеңберінде сот бақылауын күшейту, азаматтық процеске прокурорлардың қатысуын азайту және бірқатар басқа да мәселелерді қараған кезде осы шаралардың Конс­титуцияның нормаларымен үйлесімдігі туралы әртүрлі көзқарастар айтылды.


– Нұрсұлтан Назарбаев Қа­зақ­станның алдағы уақыт­тағы консти­ту­циялық рефор­малары жөнінде баян­дады. Президент билік тар­мақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу туралы рефор­ма­лары жобасын бүкіл­халықтық тал­қылауға ұсыну туралы Жар­лыққа қол қойғанын жеткізді.
Нұрсұлтан Назарбаев: «Біз ұсынып отырған рефор­маның негізінде бірінші кезекте, Қазақстан­ның жеке тәжірибесі мен қажеттіліктері жатыр. Реформалар бағдарламасы – Қа­зақстанның қай бағытта жүретіні туралы сауалдарға жауап. Біздің жауабымыз анық – демократиялық даму бағытын­да қозғаламыз».


– Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа теледидар арқылы жолдаған Үндеуінде алдағы конституциялық реформалар бары­сында Парламенттің рөлін едәуір күшейту жоспарланып отырғанын жеткізді.
«Парламент сайлауында жеңіске жеткен партия Үкіметті жасақтауда шешуші ықпал ететін болады» дейді Нұрсұлтан Назарбаев. Республика басшысының айтуынша, Үкіметтің бұрынғыдай Президент алдында емес, жаңа сайланған Парламент мәжілісінің (төменгі палата) алдында өкілеттіктерге ие болғаны заңды болмақ.


– Нұрсұлтан Назарбаев ал­да­ғы уақытта бо­ла­тын билік реформасы жөнінде жария етті. Сәрсенбі күнгі халыққа арналған телеүндеуде Н.Назарбаев мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру мақсатында ол Президенттің құзырындағы 40 өкілеттікті Үкімет пен Парламентке бөліп беруге дайын екендігін жеткізді. Президенттің айтуынша, «әлеуметтік-экономикалық процестер бойынша Президент өкілеттігінің көп бөлігі Үкіметке, ал осы Үкіметті жасақтауда басым құқыққа партия сайлауында жеңіске жеткен Парламент ие болуы тиіс. Билік тармақтарының арасында жоғарғы төрелік, сыртқы саясат, ұлттық қауіпсіздік пен қорғаныс қабілеті бұрынғысынша Президенттің мойнында қала береді. Президенттің қуатты билігі мемлекет болып қалыптас­қан тұста қиындықтарды еңсеру үшін керек болған еді».


– 25 қаңтар күні, күндіз қазақстандық ұлттық телеарналар хабар тарату кестесін шұғыл өзгертуге мәжбүр болды. Өйткені Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа арнайы Үндеу жолдауға шешім қабылдады. Кешке
Н.Назарбаев мемлекеттік басқару жүйесінің өзгертілу бағдарламасын он минутқа жуық уақытта қысқаша түсіндіріп, оның жал­пыхалықтық талқыға салынатынын жеткізді. Президенттің айтуынша, конституциялық реформаның негізінде өкілеттіктер мен жауапкершіліктердің басым бөлігін Президенттен Үкімет пен Парламентке беруде жатса керек.


– Президент Нұрсұлтан Назарбаев өз өкілеттіктерінің көпшілігін бөліп беру арқылы Парламенттің маңызын арттырмақ. Бұл – Қазақстандағы демократияландыру процесін үдетудегі маңызды қадам.

– Қазақстан басшысы өз өкілеттіктерінің бөлігін Пар­ламент пен Үкіметке бөліп беретіндігін мәлімдеді. Нұр­сұлтан Назарбаев стратегиялық мәселелерге, ұлттық қауіп­сіздікке және сыртқы саясатқа жоғарғы төрелік етуші ретінде көбірек мән беретін болады. Аталған мәселе Қазақстанда жалпыхалықтық талқыға са­лынады.


– Қазақстандағы конс­титуциялық реформалар жобасы жалпыхалықтық талқылауға ұсынылатын болады. Алдағы уа­қытта билік тармақтары арасын­дағы өкілеттіктерді қайта бөлуге байланысты жоба ел дамуының қисыны мен қазіргі заманғы даму қисынына сүйенетін болады. Негізгі мазмұны – Президенттің өз өкілеттіктерін Үкімет пен Парламентке бөліп беруінде.
Н.Назарбаев Мемлекет бас­шысы, Парламент және Үкімет арасында өкілеттіктерді қайта бөлу керектігі жөнінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған салтанатты жиын барысында айтқан болатын. Десе де, Елбасы «Қа­зақстанның президенттік басқару формасындағы мемлекет болғанын және алдағы уақытта солай болып қала беретіндігін атап өткен еді.
– Нұрсұлтан Назарбаев ерекше қадам­ға барды. Қа­зақстан басшысы өзі­нің бірқатар өкілет­тіктерін Парламент пен Үкіметке бөліп беретін болды. Қазіргі таңда бұл мәселе республика көлемінде кеңінен тал­қыланып жатқан, Орта Азияда жетекші орын алып отыр. Н.Назарбаевтың бұл мәлімдемесі ел еге­мендігінің 25 жылында бұрын-соңды болмаған көрсеткіштерге ие болған даму жолының жаңа кезеңі басталғанын көрсетті. Елбасының арнайы Үндеуін талқыға салған сарапшылар Қазақстанда демо­кратияландыру процестерінің үдеп жатқанын айтады.


Stratfor ақпарат көзі «Қазақстан: Президент кей өкілеттігін үлестірмек ниетте» атты мақаласында былай жазады:
«ҚР Президенті Н.Назарбаев 24 қаңтар күні жұмыс тобымен өзіне тиесілі кей өкілеттікті мемлекеттің Парламентіне беру туралы мәселені талқылады. Бұл өзгерістер бірнеше жылдан бері талқыға салынып келе жатыр. Басқосу барысында Президент экономика төңірегіндегі өкілеттік Парламентке өтетінін, ал Мемлекет басшысының өзі сыртқы саясат, қорғаныс пен мемлекеттік басқару мәселелеріне ден қоятынын жеткізді».


The Daily Sabah басылымы ел билігіндегі соңғы жаңалықтармен бөлісе отырып, «Қазақстан Президенті Н.Назарбаев Парламенттің рөлін күшейтпек» тақырыбында мақала жариялап отыр. Басылымның хабарлауынша, Қазақстан – мұнай мен металдардың экспорттаушысы.
Бұл тұста «Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Конституцияға өзгерістер енгізу арқылы Парламенттің ықпалын күшейтіп, Үкіметтің экономикалық процестерді басқарудағы рөлін анағұрлым арттырмақ ниетте екенін айтты. Ата заңға сәйкес, Н.Назарбаев бүкіл кабинет мүшелерін өзі жасақтайтын. Ол басшылық жасайтын «Нұр Отан» партиясы – Парламентте басым дауысқа ие».
Шетелдік басылымдардың мәліметіне сенсек, бұл реформалардан кейін Мемлекет басшысы стратегиялық мәселелер, халықаралық саясат пен ұлттық қауіпсіздікпен айналысады. Сондай-ақ билік тармақтарын бақылаушы арбитр қызметін атқарады.


 

Сергей РЕКЕДА, ММУ жанындағы Ақпараттық-сараптама орталығының бас директоры (РФ):

– Нұрсұлтан Назар­баев 2008-2009 жыл­дары орын алған үлкен дағдарыс жағ­дайын­да елді алып шығып, қазіргі Қазақстан тари­хындағы ауыр кезеңдерде сәтті жүзеге асқан басқару үлгісін ойлап тапты. Көбіне осы қолдан басқару режимі жедел әрі дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік беріп отырды. Бірақ Н.Назарбаевтың мына үлгісі – Елбасының зор абыройы мен жеке саяси қасиет­те­рінен құрылған дербес жүйе. Халыққа арнайы Үндеу жолдауы да тегін емес. Қазіргі ахуалда саяси жүйені жаңарту – барша ел үшін өте маңызы зор мәселе.


Сергей МАРКОВ, Саяси зерттеулер инс­ти­тутының директоры (РФ):

– Қазіргі тарих үшін бұл теңдессіз оқиға екені анық. Мем­лекет бас­­шы­ларының өз өкілет­тіктерін бөліп беру өте сирек кездеседі. Меніңше, Нұрсұлтан Назарбаев өте жақсы әрі дұрыс шешім қабылдады. Осыдан барып көптеген елдер, соның ішінде Ресей де осы үлгіні өздерінде жасау туралы ойланып жатыр деп ойлаймын. Ме­м­лекетті басқару­дың бұл үлгісі заман талаптарына жауап беретін болады.


Гюнтер КНАБЕ, Орта Азия елдері бойынша сарапшы (Германия):

– Прези­дент­тің Үкі­мет пен Парламент ара­сын­дағы өкі­леттіктерді қайта бөлу туралы мә­лімдемесі Н.Назарбаев­тың Қа­зақ­стан­ды бола­шаққа бастап бара жатқанының кө­рінісі. Мем­лекет басшысы Қазақ­станның осындай қиын-қыс­тау, тіпті Гер­мания үшін де қа­зір оңай емес уа­қытта ары қарай дамығанын қалайды. Қазақстан өз-өзін айқын­дайтын жеке даму жолымен жүріп келе жатқанын атап өткім келеді. Министрлер мен депутат­тардың ендігіде жауап­кершілігі арта түседі. Сонымен бірге, олардың мойнында Президент пен халықтың сенімін ақтау да тұратын болады.


Чжао ХУЭЙЖУН, Посткеңестік кеңістікті зерттеу бойынша институттың сарапшысы (ҚХР):

– Прези­дент­тің қа­зіргі Үн­деуін өте маңызды деп санаймын. Қа­зақ­стан­­ға басқарудың жаңа үлгісі керектігін Нұр­сұл­тан Назарбаев сонау 2007 жылы айтқан бола­тын. Мұндай үлкен рефор­маларды жүргізу үшін өте ұзақ уақыт қажет. Менің ойымша, бұл шешім Үкімет пен Парламент арасында өкілеттіктерді оңтайлы бөлуге мүмкіндік береді. Одан бөлек, саяси жүйенің тұрақты әрі тиянақ­ты болуына жол ашады. Бұл болса, халықтың хал-күйіне жақсы әсер етіп, экономиканың да­муына әсер етеді. Сонымен бірге, көрші мем­ле­кет­терге өте керемет үлгі болады деп ойлай­мын. Әлем­нің ахуалы қиындаған кезде Қазақ­стан батыл әрі жан-жақты ойлас­тырылған қадам басып отыр.


Фредерик СТАРР, Джон Хопкинс уни­верситетінің профессоры (АҚШ):
– Тәуелсіз Қа­зақ­стан­ның қалыптасу жо­лында Нұрсұлтан Назар­баев өзінің зор өкі­лет­тіктерінің ар­қасын­да тарихи рөлге ие болды. Бұл жөнінде күллі әлемге аян. Бүгін Президент үлкен қадамға барып отыр. Ол заманның өзгергенін және мем­лекеттің алдағы уақыттағы қадам­дарын кеңінен тал­қылаудың механизмі іске қосылатын, шешім қабылдаудың жаңа үлгісін жасап шығару қажет екендігін жақсы біледі.


Әбдіуақап ҚАРА, Мимар Синан Көркемөнер университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы (Түркия):
– Елбасының 2017 жылы, 25 қаңтар күні атап өткен билік тар­мақтары арасындағы теңдес­тірілген жүйені нығай­ту­ға бағытталған шешімдер толығымен заман тала­бына сай жә­не елдің бо­лашағы үшін бетбұрыс.
Ұсынылған рефор­малардың маңызы зор. Өйткені бұл шешімдермен Парламенттің рөлін пәрменді түрде күшейту, өкілеттігін кеңейту, құқық қорғау жүйесінің қызметін одан әрі жетілдіру көзделіп отыр. Мұның өзі мемлекеттік жүйенің беріктігін қамта­масыз етері сөзсіз.
Аталған шешімдер сонымен бірге, Үкіметтің дербестігі мен жауапкершілігін күшейтіп мемлекеттік биліктің жаңа сын-қатерлерге төтеп берудегі икемділігі мен ұтқырлығын да арттыруға бағыт­талып отыр. Бұл реформа Қазақстанның жан-жақты жаңаруына, қазіргі қоғамның белсенділігі мен әлеуетін арттыруға серпін бермек.
Бұл болса, елдің тәуелсіздіктен кейінгі ширек ғасырлық кезеңде қол жеткен орасан зор жетістіктерінің берік сақталуына қызмет ететін болады. Осы жетістіктер арқылы тек Орта Азия мен Еуразия құрлығында ғана емес, әлем бойынша жарқыраған жұлдыз болып көзге түскен Қазақстанның болашағына деген әсіресе, шетелдердегі күдіктерді біржолата сейілтері сөзсіз. Басқаша сөзбен айтқанда, бұл реформалардың іске асуымен Қазақстанның ха­лықаралық бедел-абыройы одан әрі күшеймек.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, осы реформалармен Қазақстан болашағы жарқын жаңа бір кезеңге қадам басқалы отыр. Бұл – Елбасының Мәңгілік ел идеясының заңдық реформалардағы көрінісі.

Бөлісу:

Пікір жазу


*