Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауы бойынша мәлімдемесі

999
1
Бөлісу:
Президент Үндеуі

Құрметті қазақстандықтар!
Қасиетті Отанымыз Тәуелсіз­дік­тің үшінші мүшеліне аяқ бас­ты.
Қазақстан қысқа мерзім ішін­де кемелденіп, қуаты толысқан сақа мемлекетке айналды.
Ширек ғасырда біз елімізді тү­бегейлі өзгерткен екі жаңғыру­ды іске асырдық.
Алдымен нарықтық эко­но­ми­ка қағидаларына негізделген мүл­дем жаңа сипатты мемлекет құр­дық.
Екіншіден, «Қазақстан – 2030» стратегиясын жүзеге асырып, асқақ Астанамызды салдық.
Ал қазір кезекті маңызды белес­тің алдында тұрмыз.
Менің халыққа Жолдауым бұ­қаралық ақпарат құралдарын­да бүгін жарияланды.
Мен биылғы Жолдауымда ел да­муына тың қарқын беретін жаңа бағдарды ұсынбақпын.
Бас тақырып – Қазақстанның үшін­ші жаңғыруы.
Ол еліміздің экономикалық да­муының инновациялық өзе­гіне айналып, бәсекелік қабілетін арт­тыра түсуі тиіс.
Біз сандық технологияларға не­гізделген болашағы зор бағыт­тар­ға айрықша мән беретін бола­мыз.
Ал білім беру, денсаулық сақ­тау, халықты әлеуметтік қорғау жә­не баспанамен қамтамасыз ету сияқты маңызды салалар қа­шанда басты назарда қала бер­мек.

Құрметті қазақстандықтар!
Бүгін менің Қазақстан хал­қы­на жыл сайынғы Жол­дауым жа­рия­ланды. Қолданыстағы заң­на­м­аға сәйкес, Президенттің Жол­­дауды ауызша немесе жаз­баша түрде мазмұндап беруге құқы бар. Осы жылы мен екінші тәсілді таңдадым.
Осы стратегиялық құжатта елдің жаңа кезеңдегі әрі қарайғы да­муына көзқарас мазмұн­да­ла­тын болады.
Ширек ғасырда біз екі жаң­ғыру­ды жүзеге асырдық.
Бірінші – бұл нарықтық эко­номика қағидаттары бойынша мүлдем жаңа мемлекет құру.
Екінші – 2030 стратегиясын жүзеге асыру және біздің Отанымыздың елордасы – Астананы қалыптастыру.
Қазақстан жедел қарқынмен дамыды және аса табысты 50 елдің қатарына қосылды.
Қазіргі әлемдегі техно­ло­гия­лық дәстүрді түбегейлі өзгерту экономикалық өсімнің жаңа мо­де­ліне өтуді талап етеді.
Сондықтан менің халыққа Жол­дауым Қазақстанның Үшін­ші жаңғыруына арналатын бола­ды.
Біздің міндетіміз – елдің жаңа өмір шындығы жағдай­ла­рындағы жаһандық бәсекеге қа­­білеттілігі.
Біздің іс-қимылымыздың не­гізі – Бес институттық ре­фор­маны жүзеге асыру жөніндегі Ұлт жоспары.
Үшінші жаңғырудың шешуші ба­сымдықтарының бірі эконо­ми­каны жедел технологиялық жаңарту болады.
Бұл цифрлық технологиялар ба­засында жаңа перспективалы са­лалар құру дегенді білдіреді.
Бизнес-ортаны кеңейту мен жап­пай кәсіпкерлік үшін жағ­дай­ларды жақсартудың қағи­дат­ты маңызы бар.
Бұл үшін мемлекеттің эконо­ми­каға қатысуын азайту қажет.
Бизнес үшін барлық ықтимал шы­ғындарды төмендетіп, мем­лекет-жекеменшік серіктестігін да­мытқан жөн.
Өсімнің болашақ моделінің буын­дары қатарында агроө­нер­кә­сіп кешені, көлік және ло­гис­тика бар.
Тұрғын үй нарығын дамыту мен оны мемлекеттік қолдау ша­ра­лары туралы жеке айтылатын болады.
Білім беру, денсаулық сақтау, ха­лықты әлеуметтік қорғау біз­дің басымдықтарымыз болып қа­ла­ды.
Макроэкономикалық саясат та жаңғыртуға мұқтаж.
Үкіметке қазіргі заманғы сын-қатерлерге жауап ретінде «Қа­зақстанның ұлттық техно­ло­гиялық бастамасы» деген атпен елді Үшінші жаңғыру бойынша Да­мудың 2025 жылға дейінгі стра­тегиялық жоспарын жасау тап­сырылады. Үкіметтің алдына ше­шу үшін барлық қажетті ре­сурс­тар мен мүмкіндіктер бар сал­мақты мақсаттар мен міндет­тер қойылып отыр.
Осының барлығы ұзақ мер­зімді перспективада эконо­ми­ка­лық өсімнің орнықтылығын қам­тамасыз етеді.
Жақында мемлекетті саяси жаңғыртудың жобасы жария етілді.
Осы екі бастама да бірін бірі то­лық­тырып, ел дамуының ұзақ мер­зімді мақсаттарына қызмет етеді.
Біз 2050 стратегиясының не­гіз­гі мақсаты – Қазақстанның әлем­дегі аса дамыған 30 елдің қа­та­рына енуіне тек осылай ғана қол жеткізе аламыз.
Қазақстанның технологиялық жаң­ғыруының шешуші бағыт­тары, қысқаша айтқанда, осын­дай.
Қазақстан халқы елді болашақ да­мыту мен өсіп-өркендетуге ба­ғыт­талған ұсынылып отырған ша­раларды қолдайтынына сенім­дімін.
Баршаға алдағы үлкен жұмыс­та табыстар тілеймін.

Бөлісу:

1 пікір жазылған

  1. Lottie 26 Ақпан, 2017 at 08:06 Жауап

    SO HAPPY THE DAY WENT WELL FOR YOU AND YES PACKAGE LEFT ON THE PORCH WITH SWEET THINGS INSIDE IS ALWAYS A GOOD THING…!!! I HAVE BEEN ORDERING THINGS TOO FOR DIFFERENT PLACES ESTY SHOPS…MY LOL PORCH HAS BEEN BUSY I JUST ORDERED SOMETHING TODAY THAT I HAD SEEN AND WAS HOPING IT STILL BE THERE AND IT WAS..SO THAT BRIGHTEN MY GLOOMY DAY FOR SU.ER.I'M ALSO HAPPY THAT YOUR HUBBIES SURGERY WENT WELL…GOD BLESS WITH LOVE JANICE

Пікір жазу


*