Нұр Отан: үшiнші жаңғыру – жетістік кілті

1927
0
Бөлісу:
Мұхтар Құл - Мұхаммед

Қазақстан ғаламат өзгерістер қарсаңында тұр

Мұхтар ҚҰЛ-МҰХАММЕД, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары:

– Мемлекет басшысы таяу­­да ғана барша Қазақ­стан халқына өз Үндеуін жариялап, еліміздің сая­­­си жаң­ғыруы мен демокра­тия­­лық дамуының даңғыл жо­лын айқындап берген еді. Ал Пре­­­зиденттің кеше отандық те­леар­налар арқылы жасаған мә­лімдемесін үлкен эко­номика­лық өзгерістердің нақты үлгісі деп білемін. Елбасымыз өзінің тарихи сөзімен еліміздің тұ­рақ­ты дамуы жолында халықты жігерлендіріп, кемел келешекке деген сенімді күшейтті.Ең бастысы, Қазақстанның үшінші кең ауқымды жаңғыруға аяқ басқанын мәлімдеді. Сондықтан Президенттің жаңа бағытының маңызы аса жоғары.
Мемлекет басшысы атап өткендей, қазіргі технологиялық құрылымның түбегейлі өзгерісі бізден экономикалық дамудың жаңа үлгісіне көшуді талап етеді.Сонымен бірге, бү­гінде халықаралық ахуалда қарқынды түрде өзгеруде. Соған байланысты жаһанды жай­лаған интеграциялық, экономикалық және геосаяси үдерістердің беделді әрі белді қа­тысушысы болып саналатын Қазақстанда басты әлемдік трендтерге сай дамудың өзін­дік жолын қалыптастыруда. Оған Мемлекет басшысының бүгін қазақстандық басы­лымдарда жарияланған Жолдауының жаңа, серпінді әрі өте ұтымды үлгісі айқын дәлел.
Президент тың экономикалық бастамаларды жүзеге асыру барысында басымдық бе­рі­летін бағыттарды нақты атап өтті. Үшінші жаңғыру экономиканың жедел тех­но­ло­гиялық жаңаруына соны серпін, инновациялық салаға қуатты күш береді.
Елбасымыз келешегі зор бастамалар мен іргелі жобалар негізінде экономиканың жаңа үдемелі салаларын құру жөнінде алдымызға стратегиялық міндеттер қойды. Бұл ор­талық және аймақтық деңгейдегі экономикалық тәсілдердің барлығын қайта қарауды қажет етеді.
Мемлекет басшысының әлеуметтік мәселелерге айрықша мән бергенін де ерекше атап өткен жөн. Президент тұрғын үй құрылысы, білім беру және денсаулық сақтау са­лаларын дамыту әдеттегідей басты назарда қала беретінін мәлімдеді. Оның маңызы өте жо­ғары. Себебі, қазіргідей жаһандық экономикалық дағдарыс жағдайында әлемнің көп­теген елдері алға жылжу тұрмақ, тығырықтан шығар жол іздеп, өздерінің әлеуметтік бағ­дарламаларын оңтайландыруға мәжбүр болуда. Солардың кері әсеріне қарамастан, Қа­зақстанның экономикасы тұрақты дамып, дүниежүзіне оң өз­геріс­терімен танылып ке­леді. Бұл – Мемлекет басшысы ұсынған Қазақстанның жүйелі даму стратегиясының нақ­ты нәтижесі.
Елбасымыздың мәлімдемесі Қазақстанның әр азаматына арналады. Себебі, жаң­ғыру­дың жаңа кезеңіндегі жетістіктер барша қазақстандықтың өз ісіне деген адал­ды­ғымен, еңбекқорлығымен және жауапкершілігімен тығыз байланысты.


Лейла ЖАКИШЕВА,  М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті қаржы кафедрасының доценті:
– Президентіміз әдеттегідей Қазақстан экономикасының дамуындағы басымдықтарды дұрыс және дәл атап көрсетті. Мемлекет басшысының арнайы мәлімдемесін іс-әрекеттің айқын жоспары деп білемін. Сондай-ақ республикамыздың экономикалық саясаттың негізгі бағыттарына ауқымды ресурстар бөліп жатқаны көңіл қуантады. Мен оларды толық қолдаймын!
Қазақстанның үшінші жаңғыруы – бұл таптырмас идея. Елбасымыздың стратегиясы жеңімпаздың жолы екеніне сенімдімін. Біз көп нәрсеге қол жеткіздік. Бірақ Қазақстанның басты жетістіктері әлі алда! Жақын уақытта біз технологиялары дамыған елге айналамыз. Бұл болашағы кемел іс!


Мұратбай ӘЖІБАЕВ,  «Индор Медиа Групп» ЖШС директоры, Ақтөбе қаласы мәслихат депутаты, «Нұр Отан» партиясының мүшесі:
– Президент әрқашан бірінші орынға әлеуметтік-экономикалық мәселелерді қойып келді. Соның арқасында қазір Қазақстан үлкен жетістіктерге қол жеткізіп отыр. Республикада индустрияландыруға, инфрақұрылымды дамытуға, жаңа жол тораптарын, мектеп пен ауруханаларды салуға бөлінген көп миллиардттық инвестициялар Қазақстанды танымастай қылып өзгертті. Қиындыққа толы кезеңнің өзінде Мемлекет басшысы Қазақстанның даму қарқынын жаңа деңгейге көтеретініне сенімдімін. Себебі, біздің Президент нақты тапсырмалар қойып, нақты нәтижелерді талап етеді. Осының арқасында еліміз әрқашан алдына қойған жоспарларды жүз пайызға жүзеге асырып, көздеген мақсаттарына жетеді.
Ел экономикасының инновациялық жаңалықтарға толы жолға ауысқанын толық қолдаймын! Оның ішінде Мемлекет басшысы ауылшаруашылық кешенге және транспорттық салаға басымдық беріп отырғанын өте маңызды деп санаймын. Осы салаларда өсу мүмкіндігіміз мол.


Әділбек БОТАБЕКОВ, Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің ректоры:
– Болашағы зор технологиялар ілгері басуға үлкен септігін тигізері анық. Елбасының экономикалық жаңашылдықтарға ашықтығы қуантады. Президентіміздің алдағыны көре білетін бірегей қасиеті бар екендігі туралы менде нық сенім қалыптасты. Ол келешекті болжай алады.Тәуелсіз Қазақстанның 25 жыл бойы өрлеп келе жатқаны осының айқын дәлелі.
Нұрсұлтан Әбішұлының арнайы мәлімдемесінен дамудың жаңа екпінінің қуаты сезіліп тұр. Елбасымыздың сөздері бізге ерекше шабыт сыйлады. Мемлекет басшысының мәлімдеме үшін заманауи телевизиялық үлгіні таңдағаны дұрыс болды. Елбасымыздың қандай мәселеге басты назар аударғысы келгені осындай бастама арқылы халыққа жақсы жетеді.


Бибігүл СЕКЕРБЕКОВА, «Нұр Отан» партиясы Балқаш қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, облыстық партия филиалының саяси кеңес мүшесі:
– Мен ешқашан да теледидардан берілетін кешкі эфирді тап осылай шыдамым таусыла күткен емеспін. Біздің Президентіміз әдеттегідей өзгерістердің алдыңғы шебінде жүр. Қандай әдемі және әсерлі сөздер! Бәрін бір деммен тыңдап шықтым. Мемлекет басшысының халыққа арналған дәстүрлі Жолдауы сияқты Үндеуінде де сұхбаттасудың жаңа және заманауи үлгілерін белсенді енгізіп отыратыны көңіл қуантады. Әсері ғажап!
Біз бүкіл отбасымызбен теледидарға тесіліп қалдық. Бізді алда зор табыстар күтіп тұрғанына сенімдімін. Ең бастысы, Президенттің айтқан әр сөзі, әр міндеті нақты бағдарламалық құжаттармен және одан да маңыздысы ел экономикасының игілігіне бағытталған күшті ресурстармен негізделген.
Енді Қазақстан қомақты қаржыны технологиялық жаңғыртуға жұмсайтынын дұрыс деп есептеймін. Инновациялық жаңалықтарсыз экономикалық дамудың жаңа деңгейінде өте қиын болары анық. Осыны Мемлекет басшысы да түсініп, жағдайды өзгерту үшін жаңа бағыттарды ұсынып отыр.


Ерғали СЫДЫМАНОВ, ҚР ҰЭМ ТҚҚК Алматы облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы, «Нұр Отан» партиясы Талдықорған қалалық филиалы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы:
– Әр экономикалық реформаны жүзеге асыру үшін мықты саяси жігер қажет. Қазақстан мұндай қасиетпен әр уақытта ерекшеленіп келді. Біз әрдайым алдымызға биік меже қоямыз әрі оған Мемлекет басшысының мемлекеттік басым ресурстарға басты назарды аударатыны көмектеседі.
Бұл ретте 2017 жыл Қазақстан үшін аса маңызды жыл болады. Біздің еліміз аса маңызды шешім – саяси жүйені жаңғырту мен экономикалық қайта құруларды бір мезетте жүзеге асыруы керек. Ауыртпашылықтар аз емес, алайда нәтижесі жемісті болатыны сөзсіз деп сенемін.
Президенттің инновацияларға басымдық беретініне шынайы қуаныштымын. Бұл экономиканың ең перспективалы саласы болып табылады. Мемлекет басшысының саяси жігерінің арқасында Қазақстанда жаңа серпіліс беретін жобалар пайда болатынына сенімдімін.


Ислам ЖАНҰЗАҚОВ,  №1 округ БПҰ төрағасының орынбасары, Атырау облысы:
– Соңғы кезде мен сонау 90-жылдардағы қазақстандық басылымдарды көп оқитын болдым. Бір қарағанда, онша ұзақ уақыт өткен жоқ, бірақ арада ширек ғасыр өтті. Ол кезде жұмыссыздық, тұрып қалған кәсіпорындар, құбылған инфляцияны айтпағанда зейнетақы мәселесінің өзі өткір проблемалар қатарында болды. Олар біз үшін ешқашан шешілмейтіндей көрінген.
Жасыратыны жоқ, ол кезде Президенттің: «Таяуда бұл мәсе­лелер­дің барлығы шешіледі» деген сөзінің өзіне күмәнмен қараған­дар да болды. Дегенмен өмір ағымы Елбасының тура айтқанын дәлелдеді. Ол эконо­ми­ка­мыз­ды қиын құрсаудан шығарар жолды тауып, ел еңсесін көтерді. Сондықтан мен Ел­ба­сымыздың осы жолғы жаңа жоспары да еліміздің одан әрі дамуына тың қарқын беріп, мем­лекетімізді жарқын болашаққа жетелейтініне сенемін.
Сондай-ақ Президенттің бизнеске баса назар аударатыны да өте маңызды. Бұл отандық кә­сіпкерлерге Қазақстанның экономикасында жаңа инновациялық салаларды бағын­дыруға үлкен мүмкіндік береді.


Оксана МАЛУША, Орал қаласындағы А.Островский атындағы облыстық орыс драма театрының бас режиссері:
– Аймақтарымызға өздерінің экономикалық қызметін басқаша ойластырғаны абзал. Президенттің жария еткендері күн тәртібіндегі басты экономикалық мәселелерге зейін қоюды қажет етеді. Бұл мәселеде жергілікті жерлердегі жауапкершіліктің жоғары деңгейін қамтамасыз ету маңызды.
Бүгінгі күні әр тиынның сұрауы күшті. Президенттің тапсырмасы бойынша мемлекет бүкіл Қазақстан бойынша жаңа бағдарламаларды қолға алуға миллиардттарды бөлетін болады. Біздің Елбасы инновациялық салада жаңа толық кешенді салалар пайда болатыны туралы айтты. Осындай күрделі тапсырманы алдымызға қойып отырғандықтан қаражат мейлінше тиімді игерілуі тиіс.
Әр жобаны нақты мерзімі, бақылау индикаторы және нақты жауапкершілікті мойнына алған лауазымды тұлғаны көрсете отырып, толыққанды бизнес жоспары ретінде дамыту қажет. Бұл тұрғыда Мемлекет басшысының билік тармақтары арасындағы өкілеттіліктерді қайта бөлу туралы бастамасы дер кезінде жасалған қадам болды.


Самал АЙТҚАЗИНА, «Дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 мектеп-лицей» ММ директоры, Павлодар қалалық мәслихат депутаты:
– Мемлекет басшысы тек өзіне ғана тән көрегендік қалыпта уақыттан ұшқыр іскерлік танытуда. Президенттің мәлімдемесін тек осындай биік тұғырдан тануға болады. Біздің Елбасымыз тағдырдың талқысын күтпей, ел үнемі жоғары деңгейден танылуы үшін экономикалық даму бағытына сара жол салып келеді. Осының бәрі Нұрсұлтан Әбішұлына тән іс-қимыл.
Мемлекет басшысы бағытын анықтай алмаған кемеге жел қай жақтан соқса да серік бола алмайтынын айтудан жалықпайды. Қазақстанның 2050 жылға дейін ұзақ мерзімді даму стратегиясы бар. Президенттің бүгін мәлім болған бастамалары алдымызға қойған мақсаттарға жетудің нақты іс-әрекеттерінің тактикалық жоспары. Мемлекет басшысы Жолдауда ел дамуына тың қарқын беретін «Қазақстанның үшінші жаңғыруы» атты жаңа бағдарын ұсынды. Бұл еліміздің экономикалық дамуының инновациялық өзегіне айналып, бәсекеге қабілеттілігін арттыра түсетіні сөзсіз!
Президент Үндеуінің жаңа форматына ерекше тәнті болдым. Меніңше, бұл дәстүрге айналуға тиіс. Мұндай формат құлаққа қонымды әрі Елбасының өзіне тән шабыт берер, жұмысты одан бетер құлшыныспен атқаруға шақыратын жігерін жеткізеді.


Сансызбай ЕСІЛОВ, Астана қаласы «Ардагерлер кеңесі» ҚБ төрағасы:
– Мен Президент жариялаған Қазақстанның үшінші жаңғыру жобасының пәрменіне тәнті болдым. Әлемдегі елдердің бірде-біреуі экономикалық және қаржылық дағдарыстардан сытылып кеткен емес. Бастысы – осындай қолайсыз процестерден ұтымды жол таба білу, жинағаныңды шашып алмау, бар жетістіктерден айырылып қалмау, ұлттық экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету, тиесілі қорытынды жасау, экономикалық өсімді қалпына келтіру.
Қиын болған тоқсаныншы жылдары да, 2008-2009 жылдардағы дағдарыс кезінде де Қазақстан тығырықтан шығудың жолын таба білді. Бүгінгі күні біз тағы да Президент өзінің Үндеуінде жария еткен үлкен экономикалық өзгерістердің табалдырығында тұрмыз. Мемлекет басшысының экономикалық бастамаларының әсері күшті және нәтижелі болатынына сенімдімін. Бұл дегеніміз, бүкіл еліміз бойынша жаңа кәсіпорындар мен жаңа жұмыс орындары пайда болады деген сөз, нәтижесінде қазақстандықтардың әл-ауқаты артып, тұрақтылығымыз нығая түседі.
Елбасының Қазақстан экономикасының жаңа деңгейге өтуі үшін технологияларға басымдық беретіндігі өте маңызды. Бұл ұзақ мерзімді әсер беретіні сөзсіз!


Мұрат ТАҒАЕВ, «Ордабасықұс» ЖШС бас директоры:
– Қазақстан дамуының экономикалық үлгісінің басты белгісі – айқын әлеуметтік бағыт. Сондықтан болар, биылғы Жолдауында да Мемлекет басшысы білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау және баспанамен қамтамасыз ету сияқты маңызды салалар қашанда басты назарда болатынын баса айтты. Себебі, Президент үшін бәрінен де маңыздысы жаңа жұмыс орындарын ашу және адамдарды тұрақты табыс көзімен қамтамасыз ету. Мемлекет басшысының жаңа мәлімдемесі – осының жарқын мысалы. Басымдықтар да осы бағытқа берілді.
Ең маңыздысы Назарбаевтың жоспары қажетті қаржылық ресурстармен негізделген. Биыл қазақстандық экономика саласында жағымды жаңалықтар көп болады деген ойдамын. Ол үшін бізге өте көп жұмыс істеу керек.


Ержан НҰРБАЕВ, «Восток-Агрохолдинг» ЖШС Бас директоры,
№33 Зырянь сайлау округі бойынша облыстық мәслихаттың депутаты, «АӨК Дамуы» бағыты бойынша партиялық куратор,
«Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің мүшесі:
– Ағымдағы жағдайларда экономикада қайта бағдарлаулар жүріп жатыр. Мемлекет басшысы өзінің сөйлеген сөздерінде бірнеше рет атап өткендей, экономиканың өсуіне және жұмыспен қамтуға неғұр­лым мультипликативті тиімді болатын салалар қолдау табуы ке­рек. Бірақ бұл үшін экономиканы технологиялық жаңғырту қажет. Елімізде инновацияның жаппай таралуы Қазақстанға жаңа қуатты серпін береді. Бұған мен жүз пайызға сенемін. Сонымен қатар көптеген салалармен қарым-қатынаста болатын экономиканың ірі секторы агроөнеркәсіп кешені болып табылады. Оның үстіне, қазіргі қоғамда негізгі проблемалардың бірі – азық-түлік қауіпсіздігі болып табылады.
Ауыл шаруашылығы өнімдеріне деген сұраныс артып келеді. Сондықтан ауыл шаруашылығы ел экономикасының маңызды драйверлерінің бірі болып табылады. Қазіргі уа­қытта негізгі назар ауыл шаруашылығы үшін инфрақұрылымды, аграрлық ғылымды да­мыту, жаңа технологияларды енгізуге бағытталған. 2021 жылы ауыл шаруашылығының өнімділігі 1,5 есе артады. Мемлекеттік субсидиялау соңғы өнімге бағытталған. Аграрлық сек­тордағы және басқа салалардағы әкімшілік кедергілер азайтылатын болады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» және «Ауыл шаруа­шылығы кооперативтерін нығайту туралы заң актілеріне кейбір мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдар күшіне енді.
Мемлекет басшысы көптеген жылдар бойы аграрлық секторды мемлекеттік қолдау сая­­сатын мақсатты түрде жүргізді. Мемлекеттік стратегия «Қазақстан – 2050», «Нұрлы жол» бағдарламасы, Ұлт жоспары «100 нақты қадам» сияқты ауқымды стратегиялар мен бағ­дарламалар қабылданды. Осы іс-шаралардың барлығы Президент Үндеуінде белгілеген мүм­кіндік береді лайықты жауап беру уақыт талабына сай, экономикалық өсімнің жаңа парадигмасы және үлкен өзгерістердің процесін едәуір жандандыруға және жеделдетуге көмектеседі.


Есет ЕСЕНҒАРАЕВ, Қарағанды экономикалық университетінің аға ғылыми қызметкері:
– Орталық Азия елдері Қазақстанды көшбасшы мемлекет са­найды. Еліміз даму индексі бойынша алдыңғы қатарда тұр.
Ин­дустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында мың­даған өндіріс орындары іске қосылды. Жаңа жұмыс орындары ашыл­ды. Соның арқасында бәсекелестік, сапалы өнім пайда болды. Біз­ге әлі де осы бағытта жұмыс істеп, қарқынымызды күшейте түсу қа­жет. Әлем­дік трендтермен иық тіресетіндей жағдайға жетуге тиіспіз.
Осы орайда Елбасының мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуы – ел Президентінің сая­си көрегендігінің белгісі деп білеміз. Үкіметке үміт артып, Парламентке пәрмен берілді. Бас­қарушы органдарға жауапкершілік жүктелді.
Президенттің саяси реформасы ел экономикасының өркендеуіне екпін береді деп се­нейік!


Роза БОХАНОВА, Қызылорда қалалық мәслихатының хатшысы, «Нұр Отан» партиясы Қызылорда қалалық Саяси кеңесі бюро мүшесі:
– Президент Қазақстанды дұрыс бағытта алып келеді. Мен үшінші модернизацияны, технологиялық ілгерілеуді қолдаймын. Еліміз тәуелсіздік алған алғашқы күннен бастап, жас республиканың алдында нарықтық экономикаға ауысу міндеті тұрған еді. Қаржы жүйесін тұрақтандыру мақсатында саяси дербестіктің белгісі саналатын ұлттық валюта шығару туралы шешім қабылданды. Бұл шешім 1993 жылдың 15 қарашасында күшіне енді. Дегенмен жеке нарықтық экономика құру мәселелерін шешу ол кезеңде тауар тапшылығы мен өршіп кеткен гиперинфляциямен тұспа-тұс келген болатын.
Басқарудың бірыңғай жүйесін құру және мемлекеттік меншікті жекешелендіру процестері бұрынғы тауар жүйесін түрлендірумен бір уақытта жүргізіліп жатты. Дәл осы уақытта шағын және орта бизнес өз дамуын бастап, қызмет көрсету саласында бәсекелес орта пайда болды.
Осы жағдайлардың барлығы «Қазақстан – 2050» стратегиялық даму бағдарламасының табысты жүзеге асуының негізін қалады. Осынау тарихи құжаттың басты мақсаттарының бірі жоғары дәрежелі шетел инвестициялары мен ішкі жинақтарға негізделген экономикалық даму еді. Осы кезеңде мемлекет шетелден инвестиция тартуды жолға қоя алды. Бұл жағдай мемлекеттің экономикаға шектеулі араласуы түрінде көрініс тапқан қағидаға сүйенді. Қазақстан ең озық халықаралық тәжірибені пайдаланды.
Бүгінде ел алдында бұрынғы жетістіктер мен жаңа экономикалық және саяси реалияларды есепке алуға негізделген жаңа экономикалық модернизацияларды жүзеге асыру міндеті тұр. Инвестициялық тартымдылықты күшейтіп, одан әрі көтеру мақсатында Қазақстанға мемлекеттік басқару жүйесі мен саяси жүйені толығымен жетілдіру қажет. Бұл процесс кезеңдерге бөлініп, сол аралықпен бір мезгілде қазақстандық экономика әлемдік конъюктураның жаңа шарттарына бейімделуі тиіс. Сонымен қатар ол мүмкін болатын сыртқы өзгерістерден барынша тәуелсіз болуы керек.
Модернизациялаудың үшінші кезеңі сәтті жүзеге асқан жағдайда, Қазақстанда бір уақытта экономикалық та, саяси да көзқарастарды қамтамасыз ететін жүйе қалыптасуы қажет. Басқаша айтқанда, жаңа экономикалық саясат бұрыннан салынған экономика мен саясаттың жолымен біте қайнасатын мемлекеттік локомотивке айналады деп күтілуде. Яғни, аталған саясат еліміздің әлемдік экономикаға интеграциялану туралы әу баста көзделген мақсаттарына сәйкес келетін болады.


Күлпаршын АЙДАРХАНОВА, «Ақбөбек» реабилитациялық орталығы» ЖШС-ның бас директоры, АОФ саяси кеңесінің мүшесі, қалалық мәслихат депутаты:
– Саясат – экономика, экономика – саясат.
Біздің елімізде экономиканың дамуы осыған дейінгі екі модернизациялау кезеңімен анықталатын. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері бірнеше құрылымдық экономиканы қалыптастыру мен либеризациялауды басты назарға алды десек болады. Осының арқасында жағымды макроэкономикалық тенденциялар моделі құрылды.
– «100 нақты қадам» ұлт жоспары атты үшінші ең үлкен институттық реформаларға негіз болған да осылар еді. 2016 жылы Қазақстан халқы Мемлекет басшысының белгілеген реформаларын іске асыруға кірісті. Олардың міндеттері Елбасының халыққа арнаған «Қазақстан жаңа жаһандық ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты жолдауында көрініс тапты.
Сонымен бірге, экономика мен саясаттың өзара байланысы олардың алдағы уақытта бір-біріне тікелей тәуелді болатынын білдіреді. Осы жылдар аралығында Қазақстан экономика мен саясат дамуының арасында балансты шебер орната білді. Яғни, экономикалық реформалар үнемі саяси бағдарлар саласында тыңғылықты ойластырылған шешімдермен бірге іске асырылатын.
2017 жылы елдің алдағы демократиялық дамуы мен әлемдік тегеуріндерге тиімді жауап қайтару үшін билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу бойынша жоспарлы жұмыстар басталып кетті. Сәйкесінше, экономикалық модернизациялаудың жаңа кезеңіне шығу қажеттілігі пайда болды. Оған сыртқы саяси жағдайлар қаншалық әсер етсе, саяси реформалардың да әсері соншалықты болды.
Сыртқы саяси жағдайдың ішінде бірқатар елдердің білім экономикасына аса назар аудартатын қазіргі әлемнің постиндустриялық даму кезеңіне өтуі бар.
Елбасымыз айтқандай, осы бағытта бейімделу арқылы Қазақстан жаңа экономикалық салаларды дамытатын болады. Басты бағыттардың бірі көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту болмақ. Біздің республикамыз өзінің тиімді геосаяси ахуалын пайдалана отырып, бұрынғы Сингапур секілді бірнеше елдерге транзиттік хаб бола алуы әбден мүмкін.
Бұл сөздердің барлығы нақты шаралармен бекітілген. Мәселен, соңғы бес жылдың өзінде біздің темір жолымыз арқылы Қытайдан Еуропаға тасымалданатын жүк тасымалының көлемі жүз есе артты. Адам сенгісіз сандар. Бұл – үлкен дамудың басы ғана.
Демек, Нұрсұлтан Назарбаев басымдықтарды дәл белгілеп отыр. Президенттің мәлімдемесі жан-жақты ойластырылған.

Бөлісу:

Пікір жазу


*