Қазақстанды жаңғыртуға «Ақ жол» да атсалысады

736
0
Бөлісу:

Қазақстанның Тұңғыш Пре­зиденті, ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында атап көрсетілген баянды бастамаларды «Ақ жол» демократиялық партиясы да қолдайтындықтарын білдірді.
«Біз, бизнес партиясы үшін Президент тарапынан экономика мен кәсіпкерлік қолдау саласындағы өзекті мәселелерді көтерілуі аса маңызды деп білеміз», – деген «ақжолдықтар» Жолдауда көрсе­тілген бірқатар мәселелерге баса назар аударады. Мәселен, партия мүшелері үшін Қазақстанның үшін­ші жаңғыруы және оның басым­дықтарын жүзеге асыру негізгі бағыт болып отыр.
Бірінші басымдық – бұл экономикадағы технологиялық жаңғыртуды жеделдету. Атап өтер болсақ цифрлық технологияны қолдану арқылы жаңа индустрияны тарату. Осыған байланысты Үкімет­ке «Цифрлық Қазақстан» бағдарла­ма­сын әзірлеу тапсырылған еді.
Жаңа индустрияны құрудың маңызды тұсы инновацияны қолдау және оны өндіріске жедел енгізу болмақ. Бұл мәселе «Ақ жол» пар­тия­сының талаптарымен үндес келеді. «Біздің ойымызша Прези­дент Жолдауын орындау аясында бұл іс венчурлық қаржыландыру ғана емес, инновация мен техно­логия саласын мемлекеттік қолдауға да ықпал етері сөзсіз», – дейді партия төрағасы Азат Перуашев.
Екінші кешенді тапсырма – жаңа индустрияны қатарлас құру, Қазақстан экономикасындағы дәстүрлі базалық саланы қуаттан­дыруға қозғау салмақ. Бұл жерде Мемлекет басшысы еңбек өнімді­лігін айтарлықтай арттыруды талап етіп, оның негізгі факторы ретінде заманауи технологиялар мен авто­маттандыруды бір мезгілде ендіруді баса атап көрсетті.
Осы орайда Үкіметке 2025 жылға дейін базалық саланы техноло­гиялық жағынан қайта жарақтан­дырудың кешенді шараларын бизнес өкілдерімен қайта қарау мүмкіндігін береді.
Мұнымен байланысты жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғыртумен қатар индустриялан­дыру бағдарламасы аясында жаңа жобаға көзқарасты өзгерту де талап етіледі.
Президенттің индустриали­зациялауды экспорттық өндірісті бәсекеге лайықты дамытуға ерекше көңіл бөлуінде мән бар. Осыған байланысты Үкіметке 2025 жылға дейін дайын өнімді сыртқа шыға­руды екі есе арттыру тап­сырылды.
Бұл үшін бір орталықтан экс­портты жөнелту мен шоғырландыру тетіктерін нақтылау мақсатында Үкімет жанынан экспорт саясаты жөнінде кеңес құрып, бірыңғай экспорт стратегиясын жасақтау қарастырылған.
Келешекке әрдайым сеніммен қарайтын Нұрсұлтан Әбішұлы велосипед ойлап табуды емес, өндіріс пен өнім өткізудің және қызмет көрсетудің жаһандық тізбегіне ілесуді ұсынады. Бұл шын мәнінде прогрессивті және нақты тапсырма.
Президенттің айтуынша ең жоғары талаптарға жауап беретін адал және сапалы бизнесті ғана қолдау қажет. Осы орайда инвестор­ларды тартуда және сыртқы эконо­микалық қарым-қатынасқа қатыс­ты мәселелерде «Ақ жол» партиясы ұлттық экономикалық мүддемізді қорғау қажеттігін бірнеше рет атап көрсетті. Сондықтан Президенттің халықаралық ынтымақтастық аясында ұлттық экономикалық мүдделерді ілгерілету мен қорғауды тапсыруын Жолдаудағы түбегейлі бетбұрыс ретінде қараймыз.
Ұлттық мүддені қорғау мен ілгерілету кез келген мемлекеттің құ­қығы ғана емес, сол елдің Үкіме­тінің тікелей міндеті.
Партия ұлт Көшбасшысы, Президент Нұрсұлтан Назарбаев­тың бұл мәселеге назар аударуына ризашылығын білдіреді. Сондай-ақ партия экономиканың басым бағыт­та­ры – тау-металлургия, мұнай-газ кешені салаларына қатысты берілген тапсырмаларына қолдайды.
«Ақ жол» партиясының Мем­лекет басшысының кәсіпкерлік ортаны кеңейту мен жақсарту бастамалары жағынан көзқарас үйлесімділігі бар.
Қазақстанның стратегиялық бағыттарының бірі 2050 жылы ІЖӨ өндіруде шағын және орта бизнестің үлесін 50 пайызға жеткізу. Ол үшін Үкімет жаппай кәсіпкерлікті өркен­дету мен өнімді жұмыспен қам­туды бағдарламасын іске асыруға кірісті. Осы мақсатта «Атамекен» ұлттық палатасымен бірлесіп бизнестегі кедергілерді азайту қарастырылды. Бұған қоса Президент логистика, қызмет бағасы және тағы басқа мәселелерге қатысты кедергілерді азайтуға ерекше назар аударды.
Бұл өте өзекті мәселе. Партия фракциясына кәсіп­керлер түрлі бассыздықтар туралы шағымда­нып жатады. Оларға монополис­тер тарапынан түрлі қысым көр­се­­тілетіні де шындық. Қыс орта­сында жылыжайды өшіруге, не­гізсіз бағаны көтеруге тырыса­тын­дар баршылық. Егер Үкімет осы төңіректегі күрделі мәселе­лерді шешер болса, мыңдаған кәсіпкерлер жұмыстарының жеңілдегенін шын сезінер еді.
Президент өз Жолдауында біз­дегі бизнестің ең өзекті тұстарын атап көрсетті. Ол түрлі жүктеменің көптігі, экономикадағы тенденция­лар, мемлекеттік сектордағы сыбай­лас жемқорлық тағы басқа мәсе­лелер.
«Ақ жол» партиясы 2020 жылға дейін талапқа сай келмейтін мем­лекет меншігіндегі барлық кәсіп­орындар мен ұйымдарды тарату немесе жеке секторға беруді де қызу қолдайды.
Елбасы Жолдауында бұдан өзге де бірқатар маңызды мәселелерді ерекше атап көрсетті. Еліміздің алдында тұрған міндеттерді шешуге, Президент тапсырмаларын орын­дауға атсалысуды «Ақ жол» пар­тиясы да зор міндет деп біледі. Осылайша, Қазақстандағы үшінші жаңғыртуға барынша атсалыспақ.

Жамбыл ҚЫРҒЫЗБАЙ

Бөлісу:

Пікір жазу


*