Үндеуге үн қосты

1063
0
Бөлісу:

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлуге байланысты жасалған Үндеуін Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі қызметкерлері жиналып, талқылады, пікірлерін ортаға салды.

Елбасы өз сөзінде: «Қазір заман­ның дидары өзгерді.Біз де өзгеруге тиіспіз.Сол себепті, мемлекеттің бас­қару жүйесін де жаңғыртатын кез кел­ді.Мен елдің мүддесі мен заманның та­лабын, ұрпақтың болашағын ойлай отырып осындай байлам жасадым» деген еді.
Негізгі екі бағытта іске асатын ре­фор­ма туралы ОКЖ директоры Кабиев Роза Қасымбекқызы: «Елбасы Үн­деуі­мен таныстық. Үндеудің негізгі ба­ғыт­тары еліміздегі демократиялық ұста­нымды ары қарай дамытуға пай­да­сын тигізеді. Ел болашағы үшін де аса маңызды қадам. Кітапхана білім, мә­дениет ошағы, ақпарат орталығы бол­ғандықтан осы Үндеудің халыққа жетуіне және еліміздің әрбір азаматы мүд­делі екенін жеткізу үшін бірқатар іс-шаралар, түсіндірме жұмыстары жүр­гізіледі. Әлемнің біраз мемле­кетін­де іске асырылған басқару жүйесі дәл қазір бізге де керек екені және Ел­басымыз бұған батыл қадам жаса­ғанын, осы Үндеуді қабылдағанын қол­даймыз!» деді өз кезегінде кітап­хана ісі жөніндегі орынбасары Са­пақова Гүлсім Сағатпайқызы. Ол өз баян­дамасында Үндеудің негізгі тар­мақтарына тоқталып өтті. Барлық қыз­меткерлерді Елбасымыздың ел бо­лашағы үшін қабылдаған Үндеуін қол­дауға шақырды.

Айша ЕРСҰЛТАН

Бөлісу:

Пікір жазу


*