Президент саяси мемлекеттік қызметшілердің ант беру рәсіміне қатысты

648
0
Бөлісу:
Елбасы

Қазақстан халқына және Президентіне Ұлттық банк төрағасы Д.Ақышев, Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы А.Смолин, Бас прокурор Ж.Асанов, «Сырбар» сыртқы барлау қызметінің директоры Ғ.Байжанов, сондай-ақ Президент Әкімшілігінің басшылық лауазымдағы бірқатар тұлғалары, Үкімет мүшелері, облыстардың және Алматы қаласының әкімі салтанатты түрде ант берді.

Қазақстан Президенті мемлекеттік қыз­метшілерге қойылатын талап арта түсетінін атап өтті.
– Бюджет қаражатын тиімсіз пай­далану жағдайлары жиі кездесіп жатады. Мемлекеттік қызметшілер тарапынан бо­латын құқық бұзу жайттары мемле­кеттік қызметтің ғана имиджіне емес, жалпы мемлекеттік басқару жүйесіне теріс әсерін тигізеді, – деді Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев жиналған мемлекеттік қызметшілердің бәріне алдағы цифрлық дәуір талабы жаңашыл шешімдерді, оларды тиімді іске асыра алатын жетекшілерді қажет ететінін айтты.
Қазақстан Президенті ел дамуының жаңа кезеңінде маңызды орын алатын өңірлік кәсіпкерлікті дамыту мәселесіне тоқталды.
– Бұл жұмысты атқару әкімдерге жүктелген. Оларға тиісті өкілеттіктер мен мүмкіндіктер берілді. Біз жұртты биз­неспен айналысуға үйретуге тиіспіз, – деді Елбасы.
Мемлекет басшысы әлеуметтік сала­ның ұдайы назарда болатынын жеткізді.
– Экономика мен әлеуметтік саладағы түбегейлі өзгерістер саяси жаңғырумен қатар жүреді. Алдағы уақытта билік тармақтары арасындағы өкілеттіктер­­ді қайта бөлу Парламенттің, Үкіметтің және жергілікті мемлекеттік органдардың рөлін арттыратын болады. Сондықтан кешіктірмей, мүлде жаңаша жұмыс жүргізе бастау қажет, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Соңында Елбасы елдің басқарушы корпусы алдында тұрған міндеттердің ауқымдылығы мен күрделілігін, ол саяси мемлекеттік қызметшілерден жоғары жауапкершілік талап ететінін атап өтті.
– Сіздер халықтың мүддесіне мінсіз қыз­мет етіп, өз міндеттеріңізді абырой­мен атқарады деп сенемін. Біз тәуелсіз­дігімізді нығайту жолында және Қазақ­станның жарқын болашағы үшін қо­лы­мыз­дан келгеннің бәрін жасауға тиіспіз, – деп түйіндеді Қазақстан Президенті.
Өз тілшімізден

Бөлісу:

Пікір жазу


*