Елбасы Жолдауы жаңа кезеңге жол ашты

1801
0
Бөлісу:

Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин палатаның бүгінгі жалпы отырысын Ел­басының «Қазақстанның үшінші жаң­ғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына арнаған Жол­дауынан бастады.
Жолдаудың кеше ғана барлық ақпарат құралдарында жарық көргенін алға тартқан Н.Нығматулин:
– Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев­­тың Жолдауы – еліміздің тарихи белесін бастаған өте маңызды құжат. Онда Елбасымыз Қазақстан дамуының жаңа бағыттарын белгілеп берді.
Осы кезеңде, әсіресе, ұлттық эконо­ми­каны көтеруге ерекше көңіл бөлінді. Бұл ең алдымен халықтың әлеуметтік жағдайын күшейтуге ықпал етеді, – деді.
Спикер атап өткендей, Жолдау заң шығару органының алдағы нақты мақ­саттарын көрсетумен қатар «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында «Қазақстан – 2050» стратегиясын нәтижелі жүзеге асыру үшін барша қазақстандықтарды бір мақсатқа біріктіретін қуатты күшке ие.
Депутаттық корпустың алдында тұр­ған ендігі басты міндет – маңызды құ­жатты еліміздің әрбір азаматына, әрбір отбасына жеткізіп, түсіндіру. Кең көлемде насихат жұмыстарын қолға алу.
Осыған байланысты ертеңнен бастап Мәжіліс депутаттары барлық аймақтарды аралап, халықпен кездесуге шығады.

Бөлісу:

Пікір жазу


*