Кәсіподақ Жолдаудан не түйді?

830
0
Бөлісу:
кәсіподақ

Кәсіподақшылар Елбасы Жолдауындағы бірқатар міндеттердің шешілуіне өз үлестерін қоспақ. Кеше олар Орталық коммуникациялар қызметінде ақпарат құралдары өкілдерімен кездесті. Мәселен, Қазақстан Кәсіподақтары федерациясының төрағасы Әбілғазы Құсайынов күнкөріс шегінің дұрыс нұсқасын есептеп шыққандарын және оны Үкімет назарына ұсынуға дайын екендерін мәлімдеді.

Елбасы өткен аптада жарияланған өз Жолдауында «ең төменгі күнкөріс ше­гін қайта қарауды» тапсырғаны мә­лім. Бұл шама енді қазақстандықтардың нақ­ты тұтынушылық шығыстарына сәй­кес келуге тиіс. Осының арқасында 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зей­нетақы, мүгедектерге және асы­рау­ш­ысынан айырылған отбасыларға ар­нал­ған жәрдемақы, мүгедек бала тәр­бие­леп отырғандарға берілетін атаулы кө­мек пен жәрдемақы көлемін 3 мил­лион адам үшін өсіруге жол ашылады.
– Бұл көрсеткіш Қазақстанда 7 жыл бойын­да бірде-бір рет қайта қаралған емес. Біз, кәсіподақтар, бір жарым жыл­­дан бері осы мәселені зер­де­леу­де­міз. Еліміздің барлық облыстарында сауал­нама жүргіздік, 1500-ден астам ан­кета толтырылды. Соларға жүргі­зіл­ген талдау ең төменгі күнкөріс шегі уа­қыт талабына жауап бермейтінін, мүл­де жаңа талап пен тәсілдер керек­ті­гін көрсетті. Қазіргі кезде біздің қолы­мыз­да күнкөріс шегін есептеудің қо­ры­тынды нұсқасы бар. Біз оны алдағы уа­қытта Үкіметке ұсынамыз. Сол ар­қы­лы Жолдауда қойылған міндетті нақ-
ты ше­шуге қадам жасалады, – деді
Ә.Құ­сайы­нов.
Ол сондай-ақ Елбасының Жолдауда Үкі­мет пен әкімдер қызметінің тиім­ді­лі­гі «жаңадан ашылған жұмыс орын­да­ры­ның санымен» өлшенетінін қадап айт­қанына назар аударды.
– Жаңа жұмыс орындарын құру –қа­зіргі заманғы ең басты мәселе. Өйт­кені адам баласы үш мезгіл тамақ ішуі, ал өз алдына отау құрғандары сонымен бірге, отбасы мүшелерін асырауы қа­жет. Бұл үшін адамның жұмыс жа­са­ғаны аб­зал. Жұмыс, әсіресе, қазіргі дағ­дарыс уа­қытында үлкен маңызға ие. Гре­кия, Ита­лия секілді еуропалық ел­дерде жұ­мыс­сыздық зор ауқым алды. Қазақ­стан­да бұл көрсеткіш 5,5 пайыз­дай, – де­й келіп Әбілғазы Құсайынов жұ­мыс­­сыздар қатарының күйзеліс тұ­сын­­да күрт арт­пауы­на Индустриялан­дыру жоба­лары, «Нұрлы жол» бағдар­ла­масы және дағ­дарысқа қарсы ша­ра­лар оң ықпал етті деген байламын айтты.
Ол елімізде 3,3 миллионға жуық жал­дамалы жұмыс орны барлығын, со­ның ішінде 30 пайызы кәсіподақ фе­дерациясының мүшелері болып та­былатынын хабарлады. Бұл ретте кә­сіподақтар қазіргі күйзелістік шақта кадр мәселесін шешу, технологиялық жарақтану және басқа да науқандар ая­сында қызметкерлер мен жұмыс­шы­лар құқықтарының аяққа тапталмауы-на күш салуға міндетті.
Құрылыс кешені және ТКШ жұ­мыс­шыларының салалық кәсіподағы­ның Астана филиалының төрайымы Ті­леулес Мадьярова кәсіподақтардың жұ­мыс жасауын қаламайтын және со­ны­мен бірге, еңбек қауіпсіздігін қам­тама­сыз етуге де ұмтылмайтын компа­ния­лар көптігін мәлім етті. «Өңірлерді айт­пағанда, тек елорданың өзінде 2016 жы­лы құрылыс секторында 26 қайғылы оқи­ға орын алды. Біз оларға барып, еңбек қауіпсіздігі мәдениетінің жоғары деңгейі жұмысшыға да, жұмыс берушіге де, мемлекетке де бірдей пайдалы еке­нін түсіндіруге тырысамыз. Өйткені әрбір жазатайым оқиға кәсіпорынға да материалдық әрі моральдық шығын әкеледі: әртүрлі төлемдерге, емдеуге шы­ғын шығарады, үстінен қылмыстық іс қозғалады» деді Т. Мадьярова.
Сол себепті, Кәсіподақтар федера­ция­сының бастамасымен, «Қауіпсіз ең­бек» бағдарламасы әзірленіпті. Ол әзір­ге 2017-2019 жылдары еңбек қауіп­сіз­ді­гін қамтамасыз ету мақсатында Астанада іске асырылмақ.
Брифинг барысында сондай-ақ Қа­зақ­стан Кәсіподақтары федерация­сы­ның құрамы жаңартылып, жастармен толығып жатқаны да жария етілді. Бі­рақ егжей-тегжейі кейін хабарланады.

Елдос СЕНБАЙ

Бөлісу:

Пікір жазу


*