Сенат депутаттары кездесулер өткізді

446
0
Бөлісу:

Бүгінде Сенаттың бірқатар депутаттары еліміздің түкпір-түкпірінде болып, халықтың жағдайымен танысумен қатар, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауының мазмұнын талқылауда.

Атап айтар болсақ, сенатор Ра­шит Әкі­мов Ақмола облысына жұ­мыс са­пары­мен барып, Бурабай ау­да­­нындағы коммуникациялық ор­­та­лықта және Қа­таркөл ауылын­да­ғы ауыл шаруа­шы­лығы коллед­жін­де болып, жастарды ауыл­ға қажетті ма­мандықтарды иге­руге шақырды. Өз сөзінде Сенат де­пу­таты: «Мем­ле­кет басшысының тап­сыр­масына сәй­кес, биылдан бастап Қа­зақстанда жұ­мысшы мамандық­тары­на тегін оқы­тыла бастайды. Мем­ле­кет жас­тар­дың қажет мамандықтар­д­ы игеруі­не арналған маңызды қадам жа­сағанын әрбір азаматқа жеткізуі ке­рек. Қазіргі кезде мал шаруа­шы­лы­ғын­да, әсіресе, мал дәрігерлеріне сұра­ныс жоғары болып отыр» деді. Сон­дай-ақ Рашит Әкімов Бұланды ау­­данында болып, аудандық мәс­ли­хат де­путаттарымен Елбасының Жол­­­дауын және билік тармақтары­ның өкі­леттіктерін қайта бөлуге ар­налған конс­титуциялық рефор­ма­ларды тал­қы­лады.
Парламент Сенаты төрағасының орын­басары Бектас Бекназаров, се­на­тор­лар Манап Көбенов және Асхат Кү­­зеков Павлодар облысына жұмыс са­парымен барып, Песчан ауылы­н­да­ғы жергілікті жөндеу-механикалық зауы­тының еңбек ұжымымен кездес­ті. Тереңкөл ауылында аудан әкі­мі, ауы­л­дық округ басшылары, қо­ғам­дық ұйым өкілдері, ардагерлер жә­не жур­налистермен кездесу өткіз­ді. Сондай-ақ Павлодар қаласындағы трамвай бас­қармасының жұмыс­шы­ларымен кез­десті. Бұл шара Елба­сы­ның «Қа­зақ­станның үшінші жаң­ғыруы: жаһан­дық бәсекеге қа­бі­лет­тілік» атты Жол­дауына ар­налды.
Сенат депутаты Ақан Бижанов Ал­­маты қаласында жұмыс сапарымен бо­лып, №5 қалалық аурухананың ұжы­­мымен кездесті. Кездесу бары­сын­да Президенттің конституциялық ре­формалары мен Жолдауда айтыл­­ған мәселелер талқыланды. Өз кезе­гін­де дә­рігерлер міндетті әлеуметтік ме­дици­налық сақтандыру жүйесінің ен­гізілуіне ерекше ықылас білдірді.
Сенатор Серік Ақылбай Қара­ған­ды облысында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бұл арада Парламент Сена­ты конституциялық заңнама, сот жүйе­сі жә­не құқық қорғау органдары коми­тетінің төрағасы С.Ақылбай об­лыстық сотының 2016 жылдағы сот төрелігінің қорытындыларына ар­налған кеңейтіл­ген жиналысына қа­тысты. Ол судьялар алдында Пре­зидент, Үкімет және Пар­ламент ара­сындағы өкілеттіктерді қай­та бөлуге ар­налған Конституцияға ен­гізілетін тү­зетулер туралы сөз сөй­леді. Жол­дау­ға ерекше тоқталған се­натор: «Пре­зиденттің Жолдауы Қазақ­стан­­ның әлемдегі дамыған 30 елдің қа­та­ры­на ену жөніндегі өткен жылғы бел­­гіленген міндеттерді орындауды көз­­дейді» деді.
Өз тілшімізден

Бөлісу:

Пікір жазу


*