Чехия қазақ ауылына қаржы салмақ

616
0
Бөлісу:

Кеше Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада Чех Республикасы Парламентінің Депутаттар палатасының төрағасы Ян Гамачекті қабылдады. Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың нәтижелері мен перспективалары талқыланды.

Бұл Ян Гамачектің палата басшысы ре­тінде Қазақстанға алғашқы ресми са­па­ры болғанымен, қазақ жеріне алғаш аяқ басуы емес: 2009 жылы оның Чехияның Ха­­­лықаралық істер комитетінің төрағасы ретінде Мәжілісте өткен, Елбасының «Еу­ро­па­ға жол» тұжырымдасы талқыланған ха­лықаралық конференцияға қатысқаны есте. Сонда ол Чехияның ЕҚЫҰ төрағасы лауа­зымында Қазақ еліне толық қолдау көр­сететінін баяндап еді.
Ақордадағы осы кездесуде Мемлекет бас­­­шысы қазіргі заманда парламентара-лық кооперациясының маңыздылығын атап өтіп, екі елдің экономика және саясат са­ла­сындағы қарым-қатынасын одан әрі да­мытуға Қазақстанның әзір екенін жет­кізді.
– Сіздің сапарыңыз өте маңызды.
Чех Рес­публикасымен арамызда әуел бастан-ақ достық қарым-қатынас орнады. Чех Рес­публикасының Президенті М.Земан бізде қонақ болды. Енді оның «ЭКСПО – 2017» көрмесінің ашылуына келуін кү­те­міз, – деді Елбасы.
Чех Республикасы Парламентінің Де­пу­таттар палатасының төрағасы 25 жыл ішін­де қуатты да тұрақты мемлекет құрған Қа­зақстан халқы тарихының бірегей си­па­тына тоқталып өтті. Сөз соңында Я.Га­ма­чек Нұрсұлтан Назарбаевты Тәуел­сіз­ді­гіміз­дің 25 жылдығымен құттықтап, жас мем­лекетіміздің одан әрі өсіп-өркендей беруіне тілектестік білдірді.
Осы күні Чех Республикасы Парла­мен­ті Депутаттар палатасының төрағасы Ян Гамачекпен Қазақстан Сенатының тө­ра­ғасы Қасым-Жомарт Тоқаев Чехия Пар­ламенті Депутаттар палатасының төра­ғасы кездесті.
Қ.Тоқаев бұл сапар Қазақстан мен Че­хия парламенттері арасындағы белсенді бай­ланыстардың көрінісі екенін атап өтті. Қа­сым-Жомарт Кемелұлының айтуынша, осы­ның алдында екі елдің сенаторлары ара­сында екіжақты жемісті сапарлар бол­ған.
«Парламенттер арасындағы диалогты екі елдегі заңнамалық тәжірибені жетіл­діру үшін де, сондай-ақ өзара достық қа­рым-қатынастарды дамыту үшін де жал­ғас­тыру қажет» деді Қ.Тоқаев.
Кездесу барысында Сенат спикері мәр­тебелі мейманын алда тұрған конс­ти­туция­лық реформа туралы, сонымен бір-ге, Мем­лекет басшысының «Қазақстанның үшін­ші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қа­бі­леттілік» атты жаңа жолдауының маңыз­ды аспектілері жөнінде кеңінен ха­бар­дар етті.
– Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назар­баевтың жаңа саяси бастамасының не­гізінде – елдегі ахуалдың жай-күйіне Пар­ламент пен Үкіметтің жауапкершілігін кү­шейту мәселесі жатыр. Бұл ретте Қазақ­станда басқарудың президенттік формасы сақталады – деп түсіндірді Қ.Тоқаев.
Сондай-ақ сапар аясында Астанада қа­зақстандық-чехиялық бизнес форум өтті. Энергетика министрінің орынбасары Ба­қытжан Жақсалиевтің айтуынша, қа­зіргі кезде елімізде чех капиталының қа­тысуымен 185 бірлескен кәсіпорын тір­кел­ген, оның ішінде 107-сі жұмыс жасап тұр. Қазіргі кезде Чехия Қазақстанға ма­ши­на және оның қосалқы бөлшектерін, электр құрылғыларын, жиһазды, шы­ны­дан жасалған өнімдерді, дәрі-дәрмекті са­тады.
Бизнес әріптестікті нығайту үшін биыл­ғы 28 ақпанда Прагада эконо­ми­ка­лық, өнеркәсіптік, ғылыми-техникалық ын­тымақтастық бойынша қазақ-чех үкі­метаралық комиссия отырысы өтпек. Жал­пы, Қазақстан мен Чехия арасында 16 ха­лықаралық келісімге қол қойылған.
Өз кезегінде Ян Гамачек соңғы екі жыл­да өзара тауар айналым көлемі тө­мен­дегенін айтты. «Бұл чех не қазақ өнімдері са­па мен тартымдылығынан айырылды де­генді білдірмейді. Бұған жаһандық сырт­қы факторлар ықпал етті. Соның ішін­де мұнай және басқа да шикізат құ­ны­ның құлдырауы бар. Сондай-ақ Ресейге қарсы сауда-экономикалық санкциялар мен Ресейдің Батысқа енгізген анти­санкция­лары да теріс әсер етуде. Біз екі ел ара­сында әлі де болса, іздеп тауып, ілге­рі­летуге тиісті мүмкіндіктер барлығына се­ні­м­діміз» деді Гамачек мырза.

Айхан ШӘРІП

Бөлісу:

Пікір жазу


*