Сенаторлар кездесу өткізді

1271
0
Бөлісу:

Бірнеше күннен бері сенаторлар ел-елді аралап жүр. Кеше сенаторлар Икрам Адырбеков, Мұхтар Алтынбаев және Ляззат Киинов Алматы қаласындағы Алатау ауданының активімен және тұр­ғындарымен кездесті. Жүздесу барысында Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» халыққа Жолдауының басым міндеттері талқыланды.
Кездесуге қатысушылар Мемлекет басшысының бастамаларына қолдау біл­дірді. Сенаторлар сонымен қатар Ал­маты қаласының тұрғындарымен әлеуметтік қамсыздандыру және тұрғын үймен қамтамасыз ету, бағаны қалыптас­тыру және жергілікті атқарушы орган­дардың жұмысы туралы мәселелерді талқылады.
Сенат депутаттары Мұхтар Алтын­баев, Икрам Адырбеков және Ляззат Киинов Алматы қаласында еліміздің Қарулы Күштері Аэромобильді әс­керінің бас­шылығы және жеке құрамымен кездесті.
Сенатор М.Алтынбаев Үкіметті жа­сақтау және оның қызметін бақылау­дағы Парламент рөлінің күшеюі, сондай-ақ билік тармақтары өкілеттіктерін қайта бөлу туралы әскери қызметкерлерді хабардар етті. Одан басқа, Президент Жолдауындағы бес басымдық пен кешенді міндеттерді іске асыру барысы талқыланды.
Ал Парламент Сенатының депутат­тары Қайрат Ищанов пен Сәрсенбай Еңсегенов Атырау облысы Махамбет ауданындағы Сарытоғай ауылының тұрғындармен кездесті.
Жүздесуде билік тармақтары арасында өкілеттіліктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі Елбасының Үндеуі мен «Қа­зақстанның үшінші жаңғыруы: Жа­һандық бәсекеге қабілеттілік» Жол­дауын халыққа түсіндіру тұрғысында жан-жақты әңгіме болды. Сенатор Қ.Ищанов Мемлекет бас­шысының Жолдауындағы ауыл шаруа­шылығын қарқынды дамыту, жерді тиімді пайдалану, субсидия бөлу, саланы әрта­раптандыруға қатысты алға қойған міндеттерге кеңінен тоқталды.
Парламент Сенатының депутаты Серік Жақсыбеков Астана қаласында жұмыс бабындағы кездесулер өткізді. «Astana Solar» жауапкершілігі шектелген серіктес­тігінің еңбек ұжымымен кездесіп, Прези­дент Н.Назарбаевтың конститу­циялық реформалар жөніндегі үндеуі мен Мемле­кет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілет­тілік» халыққа Жолдауының ережелерін талқылады. Бұл кәсіпорын елімізде алғаш рет отандық кремний негізінде фотоэлектр тақталарын өндіруді қолға алған болатын.
Сенатор С.Жақсыбеков «Астана­энергосервис» акционерлік қоғамында да болды. Онда еңбек ұжымы Мемлекет бас­шысының стратегиялық бастамаларымен жақсы таныс екенін көрсетіп, оны тал­қылауда белсенділік танытты.
Парламент Сенатының депутаты Қуаныш Айтаханов Оңтүстік Қазақстан облысындағы жұмыс бабындағы сапары барысында Сарыағаш ауданында болды.
Сенатор Сарыағаш қаласында аудан активімен, жергілікті мәслихат депутат­тарымен, қоғамдық ұйымдар және бұ­қаралық ақпарат құралдарының өкіл­дерімен, ауыл тұрғындары және жас­тармен кездесті. Жолдаудағы бес негізгі басымдыққа тоқталған сенатор еліміздің экономикасын өркендетуде әр өңірдің маңызы бар екенін ерекше атап өтті. Стратегиялық құжатта Елбасы алға қойған міндеттер аясында 2050 жылға қарай әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына ену үшін экономикадағы шағын және орта бизнестің үлесін 50 пайызға арттыру және шикізаттық емес экспортты дамыту қа­жеттілігі айтылды.
Ерден ҚАЛДАН

Бөлісу:

Пікір жазу


*