Мемлекет басшысы Бас прокурорды қабылдады

501
1
Бөлісу:

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Бас прокурор Жақып Асановты қабылдап, құқық қорғау органдарының 2016 жылғы қызметінің қорытындыларымен танысты. Сондай-ақ Бас прокурор алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспары туралы баяндады.

Мемлекет басшысы елдегі қоғамдық қауіп­сіздік ахуалын жақсартуға бағыт­талған реформалардың маңыздылығын атап өтті.
– Осы жылдар ішінде біз барлық салада реформа жасап келеміз. Ел Тәуел­сіздігінің 25 жылдығының қорытындысы бойынша экономикалық өсім және тұр­ғындардың әл-ауқаты артқанын бай­қаймыз. Алайда құқық қорғау органдары қызметінің мәселелері ешқашан өзек­тілігін жоғалтқан емес. Біз тиісті шаралар қабылдап, заңнамаларға өзгерістер енгі­зудеміз, – деді Елбасы.
Мемлекет басшысы бұрынғы кезде тіркелген қылмыстар саны алдыңғы жылғы көрсеткіштен көп болса, құқық қорғау органдары жазаланып отырғанын айтты.
– Жазадан қашып, мәліметтерді жа­сырған немесе өзгерткен жайттар кездесіп жататын. Ал қазір фактілер міндетті түрде тіркелуі тиіс, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Президентіне Үкіметтің кеңей­тілген отырысында берілген тап­сыр­маларды орындау барысында бизнес өкілдеріне жүргізілетін тексерістер санын азайту мақсатымен қабылданған шаралар туралы айтылды. Бұдан бөлек, Бас про­курор құқық қорғау саласындағы мемле­кетаралық қарым-қатынастарды нығайту, экономикалық құқық бұзу жайттарымен күресу үшін кадрлар даярлау жөнінде жүргізіліп жатқан іс-шараларды атап өтті.
Ж.Асановтың айтуы бойынша, бес институттық реформаны және Қазақстан Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілет­тілік» атты Жолдауын іске асыру бары­сында қазіргі уақытта прокуратура орган­дары алдына қойылған міндеттерді орын­дау, атап айтқанда, әкімшілік және қылмыстық үдерістерді электрондық-цифрлық форматқа көшіру, сондай-ақ жекелеген жобаларды іске асыру үшін барлық қажетті шаралар қабылдануда.
– Қоғамдық қауіпсіздікті жақсартудың тағы бір индикаторы – бас бостандығынан айырылғандар саны. Қазақстанда олар­дың саны 90-жылдардың басында 100 мыңға жуық еді, бүгінде бас бостанды­ғынан айыру орындарында одан үш есе төмен – 36 мың адам отыр, – деді Бас прокурор.
Соңында Мемлекет басшысы ел заң­намасы нормаларының сақталуын бақы­лайтын орган ретінде прокуратураның айрықша рөлін атап өтіп, бес институттық реформа мен Қазақстан халқына Жол­даудың іске асырылу барысын қатаң ба­қылау қажеттігін айтты.
Елбасы кездесу қорытындысы бойын­ша бірқатар нақты тапсырма берді.

Бөлісу:

1 пікір жазылған

  1. Star 26 Ақпан, 2017 at 07:57 Жауап

    Sarah: I was trying for catastrophic coverage. I applied for a $1500 deductible plan with an HSA (health savings account) and was denied. I have a feeling it had more to do with the cysts on my ovaries than my depression, as I co7d8n&#l21u;t really cost them any money on a catastrophic plan with depression problems (mental services aren’t included) but if I happened to need surgery then they wouldn’t be able to profit from me.

Пікір жазу


*