Адасқанның алды – жөн бе, әлде жон ба?

1021
0
Бөлісу:

Абайдың 1886 жылы жазған «Адасқанның алды – жөн, арты – соқпақ» атты өлеңі ел арасында нақыл сөзге айналып, кеңінен қолданылып жүр. Бұл астарлы сөзбен ақын үлкеннің ақы­лын алу, жақсының жанына еріп, жолдас болу ежелгі ел дәстүрі болса, осы қағиданы берік еске сақтап, адал азамат болу әрбір саналы жастың борышы екенін ұғындырып, «өмір кө­ші тура жолмен салдыртып жүре беретін керуен емес, кезінде ойланбасаң, кейін өкінерсің, өкі­нерсің де опық жерсің!» деп жастарға ой тастаған. Десе де бұл нақыл сөз бүгінгі заманға дұрыс жетпеген сияқты. Бәлкім, «Адасқанның алды – жон, арты соқпақ» деген нұсқасы шындыққа жақын болар. Себебі, адасқан адамның алды жон, шытырман жолдарға толы болатыны анық. Сіз не дейсіз, оқырман?!

 

Бөлісу:

Пікір жазу


*