Димаш Құдайберген «Америка дауысына» қатысады

843
0
Бөлісу:
Димаш Құдайберген

Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсақожаеваның айтуынша, әнші Димаш Құдайберген Қытайдағы xалықаралық конкурстан кейін «Евровидениеге» қатысады. Содан кейін Америкадағы ән байқауында өз бағын сынап көрмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің екінші курс студентіміз – Димаш Құдайбергеннің Қытайда ел намысын қорғап жүргенін бәріміз жақсы білеміз. Бұған дейін ол «Жас қанатта», одан кейін «Славян базарында» жеңімпаз атанған. Қазір Қытайдағы xалықаралық байқауға қатысып жатыр. Енді, біз оны «Евровидениеге» дайындап жатырмыз. Сосын ол «Америка дауысына» қатысады. Бүгін ол Лос-Анджелес қаласындағы мюзикл-шоуға шақыру алды», – деді Мұсақожаева бүгін Астанада өткен жиында.

Бөлісу:

Пікір жазу


*