Алуа ел намысын қорғайды

811
0
Бөлісу:

Биыл сәуір айының 1 мен 15-і аралығында Мысыр (Египет) елінің астанасы Каир қаласында «Мисс ЭкоВселенная» деп аталатын халықаралық сұлулық сайысы өткізілмек. Әлемнің әр қиырынан келген хас сұлуларар бас қосқан осынау әлемдік байқауда Семей қаласының тұрғыны, 23 жастағы Алуа Әзілханова тәуелсіз Қазақ елінің намысын қорғау бақытына ие болып отыр. Біз Семей өңіріне хабарласып, пікір алысқан едік.

Алдымен айтарымыз, бұл байқаудың бұған дейін ұйымдастырылған өзге сайыстардан бір ерекшелігі, мұндай доданы Біріккен Ұлттар Ұйымы әлем назарын қоршаған ортаны қорғауға аудару мақсатында арнайы ұйымдастырып отыр. Сондықтан жарысқа қатысушы өзі өмір сүріп жатқан елде қоршаған орта мен жасыл желекті қорғау, ауаны ластамау мақсатында қандай ауқымды іс-шаралар атқарылып жатқаны және басқа да жайттар жөнінде кеңінен жан-жақты мәлімет беруі, сондай-ақ, туған халқының табиғатты қорғау жолындағы ұлттық салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы да мол мағлұмат бере білуі тиіс. Бұл – біріншіден! Екіншіден, сайысқа қатысушы әрбір үміткердің экологиялық жағынан таза, адамның денсаулығына ешқандай зиян келтірмейтін таза матадан тігіліген киімдерді киіп көрсетуі қажеттігіне байқаудың әділ қазылары айрықша назар аудармақ. Мысырда өткізілгелі отырған халықаралық байқаудың басты талабы міне, осындай!

Қазақстанның намысын қорғағалы отырған Алуа Әзілхановаға келсек, ол мамандығы бойынша музыкант және кәсіби модель. Қазіргі күні Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы университеттің жастар саясаты және тәрбие жұмыстары бөлімінде жұмыс жасайды және осындағы «Айна Тоғысова модельдік агенттігінде» мектеп жасындағы бүлдіршіндерге этика, эстетикадан дәріс беріп, саханада сөйлеу мәнерін үйретеді. Ол өз пікірін ата-анасы туралы әңгімеден бастады.

– Менің әкем өмір бойы әскери салада жұмыс жасаған, әскери шені – майор болған адам. Өмірден ерте озды. Ал анам бүкіл ғұмырын бала тәрбиесіне арнады. Қазір құрметті еңбек демалысында. Отбасында бір ұл, екі қыз бармыз. 26 жастағы ағам инженерлік технология саласының магистрі. Сіңілім он жаста, үшінші сыныпта оқиды. Мені қуантатыны, сіңілім осыдан екі жыл бұрын Семей қаласының атынан «Қазақстанның кішкентай аруы – 2015» байқауына қатысып, бас жүлдені жеңіп алды. Біздің өнерге жастайымыздан жақын болуымызға атам мен әжем ерекше ықпал етті. Өйткені, олардың екеуі де кәсіби музыканттар. Қазіргі күні әжеміз бізге білгенін үйретіп, үнемі музыкаға машықтандырып отырады. Сүйікті әжем музыка мектебінде 50 жылға жуық қобыз бен фортепианодан дәріс берді. Қазір құрметті еңбек демалысында. Ал атам болса, композитор, баян мен домбырада тамылжыта ойнап, әуелетіп ән салатын. Мен міне, осындай өнегелі отбасында ержеттім. Бұған қоса, мен жастайымнан тіл меңгеруге айрықша зейін қойдым. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білемін. Ал, Мысырда өткізілетін халықаралық эко байқауға қатыуға неиет етпес бұрын мен бастапқыда «Францияда өткізілетін байқау ға қатыссам ба?» деп ойлап жүргем. Бірақ, өзім қосымша еңбек ететін «Айна Тоғысова модельдік агенттігінің» жетекшісі Айна апайым «Мысырда өткізілгелі отырған «Мисс ЭкоВселенная» халықаралық байқауына қатыссаң қайтеді?» деп маған ой тастады. Содан байқаудың талаптарымен танысып, ақылдаса келе осы байқауға қатысуға бел байладым. Шынын айтсам, менің экология тақырыбын қорғау бағытындағы халықаралық көрмеге қатысуға шешім қабылдауыма, биыл елордамыз Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық байқауының өткізіліетіні және оның жасыл экономикаға арналатыны зор ықпал етті. Басты ойым, елімізөхде өткізілгелі отырған осы көрменің мән-мақсатын мысырлықтарға жан-жақты баяндаумен қатар, оларды тәуелсіз елімізде атқарылып жатқан іс-шаралармен таныстырсам деп ойладым. Қазіргі күні уақытпен санаспай байқауға дайындалудамын. Тіпті байқауға әзірлік барысында қазақ және шетел ақындарының табиғат туралы өлеңдерімен қоса, өз еліміз композиторларының кең де дархан Қазақ даласы, Қазақстанның көркем табиғаты туралы әндерін де алдын ала іріктеп, дайындап қойдым. Менің басты арманым, ол – «Мисс ЭкоВселенная» халықаралық байқауында жеңіске жетіп, туған елімінің мәртебесін әлемдік биікте асқақтату, – деді бізге Алуа Әзілханова.

Мамандығы пәнінің оқытушысы мамандығын меңгерген қазақ қызы Алуа Әзілханованың мысыр елінде өткізілгелі отырған халықаралық экологиялық байқауға берілер жолдаманы жеңіп алу оңайға түскен жоқ. Бұған дейін Семей қаласындағы жоғары оқу орындары арасында өткізілген «Университет аруы», «Институт аруы» және 2012 жылы дүркіреп өткен «Семей аруы – 2012», республикалық «Орифлейм аруы – 2014», «Семей аруы – 2016» байқауларында жүлделі орындарды иемденген Алуаға қазіргі күні бүкіл Семей жұртшылығы зор сенім артып отыр. Өңкей хас сұлу – 100 үміткер-конкурсанттың арасынан жүйрік шыққан  Алуаның Мысыр елінде де табыс бигінен көрінетініне бізде сенімдіміз.

 

Жомарт МОЛДАХМЕТҰЛЫ

 

Бөлісу:

Пікір жазу


*