Сенат депутаттарының сапары жалғасуда

636
0
Бөлісу:

Сенат депутаттарының Елбасы Жолдауын іске асыруға арналған аймақтарға сапары жалғасуда. Елмен емен-жарқын кездесіп, талап-тілектерін тыңдаған сенаторлар Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіріп жатыр.

Атап айтар болсақ, Сенат де­путаты Дулат Құсдәулетов Өске­мен қаласында бірқатар кез­десу­лер өткізді. Сенатор Шығыс Қа­зақстан облысы активінің ал­дында биылғы Президент Жол­дауының негізгі ережелері туралы сөз қозғай келе, Елбасы баста­маларын іске асыру бары­сында аймақты дамытудың көр­сеткіш­теріне басымдық беру қажет екенін айтты.
– Жолдауда экономиканы, оның ішінде ауыл шаруашы­лығын өркендетуге бағыт­талған шаралар көзделіп отыр. Оны әр аза­матқа жеткізу қажет. Еліміздің эконо­мика­сында шағын және орта бизнестің үлесін 50 пайызға дейін жеткізу – Елба­сының алға қой­ған міндеті, – деді де­путат.
Сенатор Ерболат Мұқаев Батыс Қа­зақстан облысындағы сапарын одан әрі жалғастырып, Оралдағы Мемлекеттік қызмет­шілерді оқыту өңірлік орта­лы­ғының курс тыңдаушы­ла­ры­мен кездесті. «Кон­денсат» АҚ-та кез­десу бары­сында Е.Мұқаев ел Үкі­метін қа­лыптастыру мен оның қыз­метін бақылаудағы заң шы­ғару органының рөлін арттыру туралы айта келіп, билік тармақ­тары ара­сындағы өкі­леттіктерді қай­та бөлу мәселелері жайында ха­­бардар етті.
Сенатор Талғатбек Абайділ­дин аграр­лық мәселелер, таби­ғатты пайдалану және ауыл­дық аумақ­тарды дамыту комитетінің төраға­сы Сергей Плотниковпен бірге Шығыс Қа­зақстан облыс­тық ішкі істер департаментінде Елбасының «Қа­зақстан­ның үшінші жаң­ғыруы: Жаһандық бәсекеге қабі­леттілік» Жолдауын түсіндіру бойынша кездесу өт­кізді. Сена­тор­лар Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы негіз-гі жетістік­теріне жан-жақты тоқ­талып, Мемлекет басшысы бел­гілеген еліміздің дамуындағы бес басым бағытқа назар аударды.
Сенатор С.Плотников Шы­ғыс Қа­зақстан облыстық ак­тивінің жиналысына келген мемлекеттік мекемелердің, құ­қық қорғау орган­дарының, кә­сіпорындар мен ұйым­дардың басшылары, бизнес қауым­дас­тықтары мен үкіметтік емес ұйым­­дар­дың және саяси партия­лардың өкіл­деріне жер­гілікті жерлердегі кәсіп­орын­­дар­дың, агроөнеркәсіп кешендері мен әлеуметтік сала ме­кемелерінің еңбек ұжымдарында Жол­даудың негізгі ережелері талқыланып жатқанын жеткізді.
– Шығыс Қазақстан облысы әлеуметтік-экономи­ка­лық даму­дың барлық бағыт­тары бойынша қарқынды және ор­нықты өр­кендеп келе жатқа­нын байқап келемін. Ол бірінші ке­зекте тау-кен және металлургия кешені, машина жасау, автомо­биль жасау, сондай-ақ кез келген экономика­ның қоз­ғаушы күші құрылыс секілді ауқымды өнер­кәсіп сала­сы. Жолдау бізге түбе­гейлі жаң­ғыр­туға және күллі эко­номиканы дамытуға серпін береді, – деді ол.
Серік САДЫР

Бөлісу:

Пікір жазу


*