Инновациялық әлеуетке мән беріледі

753
0
Бөлісу:

ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Алматы қаласына жұмыс сапарымен келіп, «Алатау» инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағында болды.

Қазақстандық ғалымдардың ғылы­­ми әзірлемелерімен танысып, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақ­стан­ның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша кездесу өткізді.
Экономикалық аймақта оператор­ларды, мұнай инженерлерін, бұрғылау мердігерлерін және сервистік компа­ния­лардың техникалық кадрларын кәсіптік даярлау бойынша заманауи оқу-жаттығу орталығын, сондай-ақ заманауи импорт­ты алмастыратын телекоммуникациялық жабдықтар өндіретін компанияны ара­лады. ІТ-ұйым­дарының өкілдерімен кеңес өткізді. Мемлекет басшысы өз Жол­дауында жариялаған мақсаттарға жету үшін елдің барлық ғылыми және инновациялық әлеуетін пайдалану қажет екенін тапсырған болатын. Пре­зидент оның негізінде жаңа, перспек­тивалы технологиялар мен иннова­циялар бола­тын экономика өсімінің жаңа үлгісін құру туралы міндет қойды. Бұл Қазақстанға 2050 жылы әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіруге мүмкіндік береді. Осы орайда Б.Сағынтаев «Ала­тау» иннова­циялық тех­нологиялар паркі» арнайы экономи­калық аймағы аталған міндетті іске асы­руда үлкен үлес қоса алатынын айтып өтті.
ҚР Инвестициялар және даму:
ҚР Ақпарат және коммуникациялар ми­нистрлік­теріне айтылған ұсыныс­тарға талдау жасап, оларды «Цифрлық Қазақ­стан» мемлекет­тік бағдарламасын әзірлеу кезінде ескеруді міндеттеді.
ҚР Премьер-министрі баспасөз қызметінің мәліметінше, «Алатау» инновация­лық технологиялар паркі» арнайы экономи­калық аймағы Елбасы Жарлы­ғына сәйкес құрылған және ақпараттық техноло­гиялар, электрони­ка және құрал жасау, жаңғыртпалы энер­гия көздері, ресурсты үнемдеу, тиімді та­биғат пайда­лану және тағы бас­қа са­лаларды дамы­тумен ай­налысады.
«ИТП» АЭА 2015 жылы Үкіметпен бекітілген «Алатау» инновациялық техноло­гиялар паркі» дербес кластерлік қоры­ның құрамына кіреді. Ол Almaty Tech Garden қолшатыр брендінің астына Алматы қаласының жетекші ЖОО мен ҒЗИ-ның ғылыми-техникалық базасын, сонымен қатар «ИТП» АЭА-ға қаты­сушы компа­нияларды шоғырлан­дырады. Қазіргі таңда инновациялық кластерге қатысушы 221 ұйым бар.
Премьер-министр Алматыдағы электрон­ды билеттеу жобасы өткен жылы толық іске асырылғанына да тоқталды. Ал қала әкімі Бауыржан Байбек «Оңай» карталары бар тұрғындардың Шым­бұлаққа кезексіз кіретінін және оны Алматы тұрғындарының бірыңғай кар­тасымен біріктіретін болса, ұтымды болатынын жеткізді. Сонымен қатар жаңа жүйенің ашықтығының нәтиже­сінде, қала бюджетіне қаржы түсе бастағанын мысалға алды. Бұдан бөлек, көліктік заңнаманы жетілдіру туралы ұсыныстар жасалғаны белгілі болды.
Бақытжан Сағынтаев сапар аясында Қазақстан – Британ техникалық универ­ситеті базасында құрылған Қазақстан теңіз академиясы студенттерімен де жүздесті.
Әмірлан МӘУЛЕН

Бөлісу:

Пікір жазу


*