Президент Универсиада жеңімпаздарына құттықтау жолдады

493
1
Бөлісу:

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев XХVІІІ Дүниежүзілік қысқы Универсиадада Қазақстанның ұлттық құрамасының зор жетістікке жетуіне орай құттықтау жолдады.

Ел Президенті Алматыдағы XХVІІІ Дүниежүзілік қысқы Универсиадада жо­ғары нәтиже көрсеткен ұлттық құраманың мүшелерін құттықтады.
– Сіздердің қайсарлық­та­рыңыз­дың арқасында Қазақ­станның жалпы коман­далық екінші орынға қол жеткізуі – елдің биік беделінің, бұқаралық спорттың да­мығандығының айқын көрсеткіші.
Қазақстанның спорт мекте­бінің даң­қын тағы бір мәрте асқақтатып, жоғары дайын­дық­тарыңызды, жеңіске деген ұмты­лыс пен ерік-жігерлеріңізді көр­сеттіңіздер. 2017 жылғы Уни­­версиада бар­лық қа­зақ­стан­дықтар үшін нағыз мерекеге ай­налды.
Спортшыларымыздың жеңісі қысқы спорт түрлерін одан әрі дамытуға серпін беріп, келер ұрпаққа үлгі болуға тиіс.Универсиаданың ұйымдас­тыру ко­митетіне жарысты жо­ғары деңгейде өткізіп, жауапкер­шілік танытқаны үшін алғыс айтамын.
Барлық спортшыларға мықты ден­саулық және жаңа белестерді бағындыру жолында табыс тілей­мін! – делінген құттықтауда.

Бөлісу:

1 пікір жазылған

  1. Mccade 26 Ақпан, 2017 at 08:59 Жауап

    Dear Hans, If you are not already aware you need to look into the Ford Partnership for Advanced Studies (PAS). It was nominated by Gov. Granholm as part of the Natl. Govs. Conference competition for the best national example of a sucessful pr/apteivublic educational initiative and won. It has all the elements you’re looking for. My school, Advenced Technology Academy, has fully implemented this innovative curriculum. Check it out – you’ll be impressed. Dick

Пікір жазу


*