Елбасы Білім және ғылым министрін қабылдады

375
0
Бөлісу:

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевті қабылдады. Кездесу барысында министр Елбасыға 2016 жылғы атқарылған жұмыс қорытындылары жайлы есеп берді.

Нұрсұлтан Назарбаев білім және ғылым жүйесінің алдағы реформаларды, Қазақстан Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын іске асы­рудағы маңызды рөлін атап өтті.
– Біз ел ішінде де, шетелдік оқу орындары қабырғасында да кадрлар даярлау ісі бойынша ауқымды жұмыстар жүргіздік. Үш тілде білім беруге, цифрлық оқыту әдісіне көшіп жатырмыз. Білім және ғылым министрлігі алдында бұл са­ланы одан әрі дамытуға байланысты зор міндеттер тұр. Қажетті адам ресурс­тарынсыз Жолдауда алға қойылған мін­деттерді орындау, соның ішінде техно­логиялық жаңғыруды жүзеге асыру, «Цифр­лық Қазақстан» мемлекеттік бағ­дарламасын іске асыру мүмкін емес, – деді Президент.
Ерлан Сағадиев Мемлекет басшысына білім берудің жаңартылған мазмұндағы форматын енгізуге, бес күндік оқу апта­сына көшуге, базалық оқулықтар әзір­леуге қатысты министрлік жүргізіп жат­қан реформалар туралы баяндады.
Соңында Нұрсұлтан Назарбаев білім беру жүйесінде іске асырылып жатқан өзгерістердің нәтижелерін атап өтіп, оларды ақпараттық тұрғыдан қолдау мәселелеріне, сондай-ақ қойылған мін­дет­тердің іске асырылу қажеттігіне назар аударды. Кездесу қорытындысы бойын­ша, Елбасы министрге бірқатар тапсырма берді.

Бөлісу:

Пікір жазу


*