16 сәуірде референдум өтуі мүмкін

535
0
Бөлісу:
16 сәуірде референдум

Конституцияға енгізілетін өзгерістерге  байланысты референдум   2017 жылдың 16  сәуірінде  өтуі мүмкін.  Мемлекет басқару ісінде президенттің құзіретін  арттыруды көздейтін өзгерістер Түркия  конститцуиясына осы референдум  нәтижесінде енгізілуі ғажап емес. Елдің  Әділет  министрі  Бекір Боздағ Конституцияға  өзгерістер енгізуді  көздейтін референдумның  қашан өтетіні  әлі белгілі болмағанын, бірақ 16 сәуірде өткізу туралы пікірлер бар екендігін айтты.

саяси өзгерістер болады

Түркия президенті референдумды қолдайды

TRT телеарнасына  сұхбат берген  Бекір Боздағ  Конституцияға өзгеріс жасалатындығын  мойындаған. Түркия президенті  Режеп Тайып Ердоған  елдің басты заңына  өзгерістердің жасалуын   қолдап отырса керек. Сол себепті Конституцияға өзгеріс енгізуді  референдум арқылы шешуге  қарсылық жоқ.

Бекір Боздағ Түркия  конституциясына енгізілетін  өзгерістерге байланысты түрлі қауесеттер  тарап жатқанын айтты. Сол  қаусеттердің арасында  Президенттің  заң  күші бар Жарлықтар арқылы  елді басқарып,  Ұлы мәжілісті тарата алатын мүмкіндік алатындығы туралы әңгімелер бар.  Түркияның  Әділет   министрі: «Президенттің  заң күші бар жарлықтар арқылы халықты басқаратыны туралы әңгімелер  шындыққа жанаспайды. Сонымен бірге,  Президентке  мәжілісті тарату құқы да  берілмейді.  Мұндай өсек-аяңды таратып   жүргендер жұрттың көзіне тіке қарап тұрып,  шімірікпестен өтірік айтуда. Ал референдум  уақытына тоқталар  болсақ, оны  16 сәуірге белгілемек ниеттеміз. Референдумға Президенттің  еш қарсылығы жоқ. Референдум уақытына байланысты  Әділет және даму партиясы мен  Ұлтшыл халықтық  партиясы қарсылық таныта қоймас. Девлет Бахчелінің соңғы баяндамасы  референдумға қарсы шығушыларға жақсы жауап болды»,-деді.

Бекір Боздағтың айтуынша түрік саясатындағы  тағы бір ірі күш Республикашыл халықтық партия референдумға қатысты өз наразылығын танытуы мүмкін. Олар  онда Конституциялық  сотқа  жүгіне алады. Бірақ, Түркия Әділет министрінің пайымдауынша  мұндай  қадам саяси этикаға жараса қоймаса керек.

А.Ізгілік

Бөлісу:

Пікір жазу


*