БҰҰ Елбасы бастамасын қолдады

246
0
Бөлісу:

Астана ЭКСПО-2017″ ұлттық компаниясының Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов ЭКСПО-2017 көрмесінің ұйымдастырушы кеңсесінде Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысының көмекшісі, БҰҰ Даму бағдарламасы Еуропа мен ТМД елдері бойынша Өңірлік Бюросының директоры, БҰҰ ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің Бас Комиссары Джихан Сұлтаноглумен кездесіп, ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысу келісімшартына қол қойды. Кездесу барысында тараптар ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық жобасын талқылады.

Ахметжан Есімов бүгінгі таңда 115 ел мен 18 халықаралық ұйым көрмеге қатысатындығын растағандығы туралы мәлімдеді. 18 ел павильондарын тақырыптық безендіруге кірісті. Жаңартылған энергия көздері саласында БҰҰ экспозиялары ең үздік жобалар мен жетістіктерін көрсететініне сенімділік білдірді.

Өз кезегінде, Султаноглу ханым Қазақстанның Тұрақты Даму Мақсаты дамуында, сондай-ақ, мемлекеттің тұрақты және рационалды энергия саласында ықпал ететін шаралар қоладануы мен келісім жүргізе алуы  көшбасшылықтың белгісі ретінде бағалады.

«Біз Н.Ә.Назарбаевтың жасыл технология орталығын ашу жайлы бастамасын қолдаймыз. Сонымен қатар, осы жобаға өз көмегімізді көрсетуге дайынбыз. Тұрақты энергия тақырыбында бұл көрме Қазақсатан үшін таптырмас мүмкіндік болатынына сенімдімін. БҰҰ өз үлесін қосуға дайын» – деді Султаноглу ханым.

Джихан Сұлтаноглу ЭКСПО-2017 Бас Комиссар рөлін  атқарып, бүкіл БҰҰ қатысуы жүйесінің жұмысын үлестіреді.

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ

 

Бөлісу:

Пікір жазу


*