Елбасының рөлін Конституцияда бекіту ұсынылды

376
0
Бөлісу:

Қазақстандықтар Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына қосқан үлесін Конституцияда бекітуді ұсынуда. Бұл туралы мемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі жұмыс тобының үшінші отырысынан кейін Қазақ гуманитарлық заң университеті Азаматтық-құқықтық зерттеулер ғылыми-зерттеу институтының директоры Төлеш Қаудыров айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат.

– Конституциялық рефор­маның өзі қоғам арасында зор сілкініс тудырды. Комиссия өз ұсынысын жіберген азамат­тардың барлығына ризашылығын білдіреді. Реформа басқа да жол­мен жүргізіліп жатқандығын есте ұстау маңызды. Бұл тек қана конституциялық өзгерістер ғана емес. Біз 45-тен 39 өкілеттікті Үкі­мет пен Парламентке бере­тін­дігін санап шықтық. Өз еркі­мен 39 өкілеттікті еш қиындық­сыз атқарушы билікке бере салу әлем­дік оқиға екендігін атап өт­кім келеді. Жұмыс жүріп жа­тыр, заң жобасы әзірленуде. Ол айдың соңына дейін Парламентке ен­гізілуі тиіс, – деді Т.Қаудыров.
Оның айтуынша, ел азамат­тарынан келіп түскен ұсыныстар сан алуан.
– Тұңғышы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлін Конституция мәтінінде бекіту туралы да ұсыныс болды. Тіпті ол өкілеттіктерінің басым көпші­лігін беріп отырған жоқ па деген алаңдаушылық та болды. Ұсы­ныстар сайлаудан бастап биліктің жоғары тармақтары өкілеттік­теріне дейінгі біздің қоғамдық-саяси өмірімізің сан алуан бө­ліктерін қамтиды, – деді ол. Оның сөзіне қарағанда, заң жо­басына қатысты шешім әлі қа­былданған жоқ.
– Ол әзірлеу және талқылау сатысында тұр. Бұл заң жобасын жақсарта түсетін барынша құнды ұсыныстар міндетті түрде еске­ріледі, – деді Төлеш Қаудыров. Айта кетейік, бұған дейін саяси реформалар жөніндегі жұмыс тобына 500-ден астам ұсыныс түскенін хабарлаған болатынбыз.

inform.kz

Бөлісу:

Пікір жазу


*