Мемлекет басшысы кеңес отырысына қатысты

675
0
Бөлісу:

Кеше Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуының мәселелері жөніндегі кеңес өтті.

Кеңеске Премьер-министр, Ұлттық банк төрағасы, Үкімет мүшелері, Астана қаласының әкімі, ұлттық холдингтер және компаниялар, сондай-ақ еліміздің жетекші кәсіпорындарының басшылары қатысты.
Жиын барысында Мемлекет басшы­сының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауының бірінші басымдығы ретінде аталған эконо­миканың жеделдетілген жаңғыртылуы жөніндегі шаралар талқыланды. Сондай-ақ цифрлық технологияларды қолдана отырып, жаңа индустрияны дамыту және базалық салаларды техникалық қайта жарақтандырудың кешенді шараларын әзірлеу мәселелері қарастырылды.
Қазақстан Президенті кеңес қоры­тын­дысы бойынша бірқатар нақты тап­сырма берді.

Бөлісу:

Пікір жазу


*