Үздіктер рейтингі

782
0
Бөлісу:

Жуырда Біріккен күрес әлемі (UWW) бүгінгі таңдағы ең үздік балуандардың рейтингін жариялады. «ТОП-10» еркін күрес шеберлерінің тізімінде төрт бірдей жерлесіміз бар. 

Қазақстанның ұлттық құрама командасы мүшелері арасында ең үздік көрсеткішке Нұрлан Бек­жа­нов қол жеткізіп отыр. Асқар Абдра­шев сынды білікті бапкерден тәлім-тәрбие алған қандасымыз былтыр Бангкокта өткен Азия бі­рін­шілігі және Олимпиада бағдар­ла­масына енбейтін салмақ дә­ре­желері бойынша Будапеште ұйым­­­д­астырылған әлем чемпиона­тын­­да күміс медальді мойнына іл­ген болатын. 70 келі салмақта күш сынасып жүрген Нұрлан екінші орынды олжалауда. 2011 жылғы әлем чемпионатының қола жүл­де­гері, 2015-2016 жылдары жалауы жел­біреген Азия біріншіліктерінде бас жүлдені қанжығасына байлаған Дәулет Ниязбековтің де қарқыны қуантарлық. 61 келі салмақта бел­де­сетін Сыр бойының саңлағы ал­тын­шы орынды иеленуде. Былтыр Рио Олимпиадасында жеңіс тұғы­ры­на сынық сүйем қалғанда сү­рін­ген Ғалымжан Өсербаев та (74 келі) дәл сол межеден көрінді. Сондай-ақ үздіктер тізіміне Мәмед Ибра­ги­мов та (97 келі) қосылды. Ол 10-орынға табан тіреді.
Әріптестеріне қарағанда грек-рим күресі шеберлерінің жағдайы едәуір нашар. Жерлестеріміздің арасынан тек әлем чемпионатында үш мәрте жүлдегерлер санатына қосылып, Азия ойындары мен Дү­ние­жүзілік Универсиадада қола ме­­дальді иеленген Алмат Кебісбаев қана озық ондықтың қатарына енді. 59 келі салмақта белдесіп жүр­ген қазақ балуаны 9-орынға
жай­ғас­ты.
Әйелдер күресі өкілдері арасы­нан ең үздік нәтиже – Гүзель Маню­рова (75 келі) мен Екатерина Ла­рионоваға (63 келі) тиесілі. Рио Олим­пиадасында қола жүлдені ен­ші­леген қос жерлесіміз екінші және үшінші орындарды олжа­лау­да. Айым Әбділдина (55 келі) мен Ел­мира Сыздықова (69 келі) – төр­тін­ші, Аяулым Қасымова (58 келі) – бесінші және Жұлдыз Ешімова алтыншы сатыларға табан тіреді.

 

Ғалым СҮЛЕЙМЕН

Бөлісу:

Пікір жазу


*