Мәжілісте үшжылдық бюджеттің түзетулері таныстырылды

184
0
Бөлісу:

Мәжілісте ҚР «2017-2019 жылдардың Республикалық бюджеті туралы» заңына өзгерістер мен түзетулер енгізу» заң жобасының таныстырылымы болды. Отырысты заң жобасы бойынша жетекші, Палатаның Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы Гүлжан Қарағұсова жүргізіп, ұсынылып отырған бюджеттік өзгерістермен парламентшілерді Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов пен Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов таныстырды.

Қазақстан Республикасының Пар­ла­менті Мәжілісінің қарауына енгізілген құ­жатқа Қазақстан Республикасы Үкі­меті­мен мақұлданған, 2017-2021 жылдарға арналған әлеу­меттік-экономикалық даму болжамы шең­берінде 2017 жылға арналған нақтылан­ған макроэкономикалық көрсеткіштер ен­гізілді.
Әлемдік экономиканың ағымдағы жағ­дайын, тауар нарықтарындағы конъюнк­тура­ны және 2016 жылғы экономика са­ла­ларының даму алдын ала қорытындыларын ескере отырып, 2017 жылға арналған мак­роэ­кономикалық көрсеткіштердің болжамы қа­лыптастырылған.
2016 жылғы базаны нақтылауды ескере оты­рып, 2017 жылы номиналды ЖІӨ өсуі 49 740,6 млрд теңге көлемінде болжанады, бұл тамызда мақұлданған көрсеткіштен 1 348,8 млрд теңгеге артық. Жан басына шақ­қандағы ЖІӨ 8 391,5 мың АҚШ долларына дейін ұлғаяды. Өңдеу өнеркәсібінің 2,6%-ға (1,4 п.т. жоғары) өсуі есебінен 2017 жылы өнер­кәсіп 3,0 %-ға өседі (мақұлданған көр­сеткіштен 0,2 п. т. жоғары).
Энергетика министрлігінің болжамы бойынша, 2017 жылы мұнай өндіру көлемі 81,0 млн тоннаға дейін, негізінен, Қашаған кен орнындағы өндірістің өсуі есебінен (2016 жылғы тамызда мақұлданған көр­сет­кіш­тен 1,5 млн тоннаға жоғары) ұлғайтыл­ды. Экспорт бойынша болжам 4,9 млрд дол­ларға ұлғайып, 45,1 млрд долларды құра­ды, им­порт 3,6 млрд долларға ұлғайып, 32,7 млрд долларды құрады. Ұлттық банктің 2017 жылғы болжамы бойынша инфляцияның нысаналы дәлізі бұрын бекітілген 6,0-8,0% деңгейінде сақталған. Түзетілген макроэ­коно­микалық болжамның негізінде 2017 жылға арналған республикалық бюджет кірістері нақтыланды.
Республикалық бюджет кірістері (транс­ферттерді есепке алмағанда) 2017 жылы
4 891,9 млрд теңге көлемінде бағаланады, бұл бе­кі­тілген жоспардан 553,7 млрд теңгеге жо­ғары.
2017 жылға арналған республикалық бюд­жетті нақтылау 2016 жылдың фактіге негіз­делген қорытындысынан есептеулерді нақтылау, биылғы макроэкономикалық көр­сеткіштер болжамын түзету, сондай-ақ «Қа­зақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһан­дық бәсекеге қабілеттілік» атты Мемлекет бас­шысының Жолдауында айтылған шара­лар­ды еске асыру негіз болды.
2017 жылға арналған республикалық бюджеттің параметрлері:
Түсімдер – 9 628,5 млрд теңге;
Ұлттық қордан нысаналы трансферттер – 1 534,6 млрд теңге;
Шығыстар – 11 176,4 млрд теңге.
Тапшылық – 1 547,9 млрд теңге немесе ЖІӨ-ге 3,1%.
Жолдауды іске асыру шеңберінде нақ­тыланған республикалық бюджет жоба­сы 5 басымдық бойынша қаржыландыруды қа­рас­тырады.
Бірінші және екінші басымдықтар мем­лекеттік органдардың экономиканы же­делдетіп технологиялық жаңғыртуға және биз­нес ортаны жақсартуға бағытталған бір­қатар бастамалары арқылы іске асы­ры­латын болады. «Адами капитал сапасын жақ­сарту» төртінші басымдығын іске асыру үш негізгі бағыттар: білім беру, денсаулық сақ­тау және халықты әлеуметтік қорғау. Қауіп­сіздік пен сыбайлас жемқорлыққа қар­сы күрес басымдығы бойынша діни экст­ремизм мен терроризмге қарсы іс-қи­мыл, экономикалық қауіпсіздікті қам­та­ма­сыз етуге және киберқорғаныс сияқты іс-шаралар қарастырылады.
parlam.kz

Бөлісу:

Пікір жазу


*