Президент құттықтау жеделхатын жолдады

342
0
Бөлісу:
Президент Үндеуі

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Франк-Вальтер Штайнмайерге Германия Федеративтік Республикасының президенті болып сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады.

Қазақстан Президенті ГФР-дің сайланған президентін құттықтап, оған зор денсаулық пен табыс, ал достас Германия халқына бейбіт­шілік тілеп, елдің одан әрі өсіп-өркендей беруіне ниеттестік білдірді.
«Сіздің мол саяси тәжірибеңіз бен дипломатиялық қабілет-қары­мыңыз Отан игілігіне қызмет ете беретініне сенімдімін.
Биыл 25 жылдығы атап өтіліп жатқан Қазақстан мен Германия ара­сындағы достық пен сенімге негізделген өзара қарым-қатынасты ны­ғайтудағы сіздің еңбегіңізді жоғары бағалаймыз. Астана мен Бер­линде өткен мазмұнды кездесулерімізді әрдайым жылы сезіммен еске аламын.
Қазақстан биыл Астанада өтетін «ЭКСПО – 2017» халықаралық көр­месіне Германияның қатысуын құптайды. Осыған орай, сізді Қа­зақстанға ресми сапармен келіп, «ЭКСПО – 2017» көрмесінің құр­мет­ті қонағы болуға шақыра­мын», – делінген жеделхатта.


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Гурбангулы Бердімұхамедовке Түркіменстан президенті болып сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады.

Қазақстан Президенті жеке өзінің және ел халқының атынан Г.Бе­р­дімұха­ме­довті Түркiменстандағы президент сайлауында жеткен жеңісімен құт­­тықтады.
«Өткен сайлау нәтижесі – халықтың тұрмыс деңгейін арттырып, елдің ха­лық­аралық беделін нығайту жолындағы сіздің жүзеге асырып отырған саяса­тыңызға Түркіменстан азаматтарының сенімінің және қолдауының көр­сеткіші.
Дипломатиялық қарым-қатынас орнағаннан бастап Қазақстан мен Түр­кіменстанның стратегиялық әріптестігі жыл өткен сайын қарқын алып келеді. Қа­зақстан түркімен халқының бірлігін, елдің саяси және эко­номи­калық дамуын нығайтудағы сіздің еңбегіңізді жоғары бағалайды, – делін-
ген же­­дел­хатта.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы Түркіменстан президентін жақын арада Қа­­зақстанға сапармен келуге шақырды.

Бөлісу:

Пікір жазу


*