Президент Оңтүстік Қазақстан облысының әкімін қабылдады

628
0
Бөлісу:

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевты қабылдады.

Кездесу барысында Ж.Түй­ме­баев Мем­лекет басшысына облыс­тың биылғы перспективалары, сон­­дай-ақ өңірдің 2021 жылға дейін­гі әлеуметтік-экономикалық даму жос­пары туралы баяндады.
Елбасы өңірдің салық түсімдері көр­­сет­кішінің төмен екенін, өңірдің респуб­лика бойынша мейлінше до­тациялы болып отырғанын атап өт­ті.
Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев ең­­бек нарығын реттеу саласындағы жұ­­мыс­сыз­дық мәселелеріне назар ау­дарды.
– Өзін-өзі жұмыспен қамтыған аза­­мат­тардың үлесі жоғары. Оңтүс­тік Қа­зақ­стан үшін жұмыссыздық пен халықтың кө­ші-қон мәселесі әрқашан өзекті болып қа­ла бермек. Бұл мәселелерді шешу үшін ша­ғын және орта бизнесті одан әрі да­мыту қа­жет, – деді Қазақстан Президенті.
Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Шым­кенттің таяу келешекте тұр­ғын­­да­рының саны 1 миллион адам­нан асатын қа­лаға айналатынын атап өтті.
Облыс әкімі Елбасыға «Қазақ­стан­ның үшінші жаңғыруы: Жаһан­дық бәсекеге қа­білеттілік» атты Жол­дауда белгіленген мақ­саттар мен міндеттерді аймақ тұр­ғын­дары жан-жақты қолдап отырғаны тура­лы мәлімдеді.
Соңында Нұрсұлтан Назарбаев об­лыс өнер­кәсібін, ауыл шаруа­шы­лығы мен мал шаруашылығы са­ла­ла­рын дамыту, ин­вестициялық тар­тымдылығын арттыру жөнінде мін­деттерді орындауға бағыт­тал­ған бірқатар нақты тапсырма берді.

Бөлісу:

Пікір жазу


*