Қанат Ислам Филадельфияда жүр

745
0
Бөлісу:

Отандасымыз Филадельфияға алдағы жекпе-жекке дайындықтарын пысықтауға келді.

32 жастағы қазақстандық боксшы Қанат Ислам (22-0-0, 18 КО) бразилиялық боксшы Робсон Ассипен (16-3-0, 9 КО) өтетін кездесуге дайындықтарын пысықтау үшін Филадельфияға келді.

Алдағы өтетін кездесуіне отандасымыз бұған дейін Майами қаласында дайындалып жүрген еді. Енді Қанат Ислам Филадельфия қаласына келіп, жаттығу өткізіп жатыр.

«Филадельфияда қазір қыс. Жекпе-жекке дейін ауа райына үйрену үшін және дайындықты күшейту үшін Қанат Ислам Филадельфияға келді. Мұнда бірінші жаттығу жұмыстарын өткізіп те үлгерді», – дейді Исламның өкілі Берік Сұлтан.

Айта кетейік, келесі кездесуін бірінші орта салмақтағы WBO Intercontinental және WBA Federatin тұжырымдары бойынша әлем чемпионы 32 жастағы отандасымыз 17 ақпан күні Уилмингтон қаласында (АҚШ, Делавэр штаты) бразилиялық Робсок Ассиспен жұдырықтасады.

Vesti.kz.

Бөлісу:

Пікір жазу


*