Ресей –Түркия – 42:0

741
0
Бөлісу:

Ресейдің жастар құрама командасы Түркияны 42:0 есебімен ұтып, айды аспанға бір-ақ шығарды. Бұл ірі есеп қысқы еуропалық олимпиадалық фестивальде орын алды.

Үзіліске дейінгі бірінші ойында қарсыластар қақпасына 15 гол соғылды, одан кейін түрік қақпашысы 12 доп жіберіп алды. Ресей жастар құрамасында ең көп шайба соққан ойыншы – Егор Сердюк пен Ярослав Лихачев, олар түріктердің қақпасына 6 шайбадан енгізді. Одан кейінгі орында 5 шайбамен Артем Князов пен Даниил Гутик тұр, олардың еншісінде – 5 шайба.

Сарапшылардың зерттеуіне назар аударсақ, шайбалы хоккейдегі ең ірі есеп 2008 жылдың 6 қыркүйегінде тіркелгені белгілі. Сол күнгі ойында Словакияның әйелдер құрамысы Болгарияны 82:0 етіп ойсырата жеңген. Одан біршама уақыт бұрын бейресми ойын барысында Оңтүстік Кореяның ерлер құрамасы Тайландты 92:0 етіп ұтқаны белгілі.

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ

Бөлісу:

Пікір жазу


*