Универсиада жиһаздары мұқтаж жандарға үлестірілді

779
0
Бөлісу:

Атлетикалық ауылдың барлық жиһазы мен тұрмыстық техникасы Алматының әлеуметтік мекмелеріне тапсырылды.
«Универсиада мұрасы» жобасының аясында 140 мың тұрмыстық, ұйымдастырушылық және арнайы құрылғылар Алматының 500 әлеуметтік мекмелеріне таратылды.

Оның ішінде, спортшылар үшін қойлыған төсектер, тоңазытқыштар, теледидарлар, медициналық жабдықтар мен кеңсе техникасы қалалық ауруханаларға, мектептер, емханалар, балабақша, колледж, спорт мектептері, жатақханалар мен ардагерлер үйіне берілді.
Универсиада нысандарын тұтыну және қарау бойынша директор Сергей Апенконың айтуынша, барлық тұрмыстық техника мен жиһазды әлеуметтік сала нысандарына тапсыру туралы шешім қала басшылығымен Универсиада басталмай тұрып қабылданған.

tengrinews.kz 

Бөлісу:

Пікір жазу


*