Азия чемпионаты Ташкентте өтеді

746
0
Бөлісу:

Биылғы жылғы боксшылардың Азия чемпионаты 30 сәуір мен 7 мамыр аралығында Ташкентте өтетіні белгілі болды. Бұл ақпарат кеше АИБА-ның ресми сайтында жарияланды.

Негізі сары құрлықтың басты додасы Моңғолияның астанасы – Ұланбатырда өтуге тиіс еді. Алайда бізге белгісіз себептерге байланысты бұл шешім соңғы сәтте өзгерді. Сөйтіп, Халық­аралық әуесқой бокс қауым­дастығының шешімімен дүбірлі доданы Өзбекстанның бас шаһары қабылдайтын болды.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақ­стан құрамасы 1994 жылдан бері Азия чемпионатына үздіксіз қатысып келеді. Сол кезден бері 12 мәрте жалауы желбіреген жарыстың тең жартысында жуан жұдырықты жігіттеріміз ко­мандалық есепте бас жүлдені олжалады. Осыдан екі жыл бұрын Бангкокта ұйымдас­тырылған бәсекеде де жер­лестеріміз қар­сылас шыдатпады. Сол жарыста Мырзағали Айт­жановтың шәкірт­тері 5 алтын, 1 күміс және 1 қола медальді қоржынға салды.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН

Бөлісу:

Пікір жазу


*