Сыр бойының өрендері озды

789
0
Бөлісу:

Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш қаласында қазақ күресінен 2000-2001 жылдары туған жасөспірімдер арасындағы ел біріншілігі өз мәресіне жетті.

Республикамыздың барлық өңірінен келген 300-ге тарта жас өрендердің қатысуымен өткен жарыста ұлдар арасында Сыр бойы сайыпқы­рандарының қарқыны күшті болды. Қызылорда облы­сынан келген үш балуан ел чемпионы атанды. Олар – Әбубәкір Жандос (46 келі), Олжас Оразалыұлы (57 келі) және Абылайхан Жұбаназар (64 келі). Өзге салмақ дәрежелерінде ақтө­белік Алпамыс Шайқы (51 келі), астаналық Дәурен Ақтариев (72 келі), тараз­дық Дарын Ханапиев (81 келі) және талды­қорғандық Бекарыс Сәдуақас (+81 келі) топ жарды.
Қыздар бәсекесінде қызы­лордалық Фариза Қайырбек (36 келі) пен Аида Файзолла (70 келі), павлодарлық Зарина Абай (40 келі) мен Юлия Шепеленко (57 келі), тараздық Аяулым Қуаны­шева (44 келі), шымкенттік Аида Ерман (48 келі) мен Назерке Жекмырзаева (70 келі), Жансая Аманбаева (52 келі) және қостанайлық Сабина Ыбырай (63 келі) алтыннан алқа тағынды.
Командалық сайыста Қызы­лорда облысы көш бастаса, екінші және үшінші орындарды Оңтүстік Қазақстан мен Жамбыл облы­сының өрендері иеленді.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН

Бөлісу:

Пікір жазу


*