Заң жобасы қаралды

351
0
Бөлісу:

Парламент Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысы өтті. Жиында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының үкіметі арасындағы арнайы мақсаттағы бөлімшелердің оқу-жаттығуларын өткізу кезінде қабылдаушы Тараптың қолдау көрсетуі туралы өзара түсіністік туралы меморандумды ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды.

Меморандум 2016 жылғы 20 қаңтарда Анкара қаласында жасалған. Маңызды құжаттың мақсаты – екі мемлекет қарулы күштерінің арнайы мақсаттағы бөлім­шелерінің бірлескен оқу-жаттығуларды өткізуге байланысты мәселелерді реттеу, сондай-ақ тараптардың міндеттемелері мен жауапкершілігін айқындау. Ме­моран­дум аясында жіберуші тараптың техникасын, қаруы мен оқ-дәрілерін әкелу, ел ішінде алып жүру және әкету кезінде қабылдаушы тараптың әуе айлақтарды, автомобиль және темір жолдарды беруін көздейді. Одан басқа, оқу-жаттығуларға қатысу кезеңінде жіберуші тараптың сұрау салуы бойынша қабылдаушы тарап қаруды, материалдық құралдарды, жабдық пен оқ-дәрілерді өтеусіз негізде ұсынуы мүмкін.
Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Білім, ғылым және мәдениет мәсе­лелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО) арасындағы Қазақ­стан Респуб­ликасында ЮНЕСКО аясында Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығын (2-санат) құру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды. Бұл келісімнің мақсаты –Қазақ­станда Орталық Азия өңірлік гляциоло­гиялық орталығын құру. Орта­лықты құру гляциологиялық ғылымды дамытуға өңір­лік және жаһандық деңгейде климат­тың өзгеруінің мұз­дықтарға, қар жамыл­ғысына және су ресурстарына әсерлерінің ғылыми түсінігін жақсартуға, гляциология, тау криосфералары, гидрология және кли­матология проблемалары жөніндегі зерттеулерді дамытуға, су және азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін шешуге ықпал ететін болады.
Орталық тиісті ұйымдар арасындағы ғылыми-зерттеу қызметін және ақпарат алмасуды және үйлестіруді келісімге сәйкес нығайтуға, климаттың өзгеруі сала­сындағы ғылыми зерттеулерді жүзеге асыруға, өңірлік ғылыми-зерттеу бағдарла­маларын әзірлеуді көтермелеуге, жүргі­зілген ғылыми зерттеулердің нәтижелерін теориялық және практикалық семинарлар, оқу курстары, конференциялар және мерзімді басылымдар арқылы таратуға жәрдемдеседі. Екі заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.

Әмірлан МӘУЛЕН

Бөлісу:

Пікір жазу


*