Білім – басты назарда

337
0
Бөлісу:

Атырауда «Нұр Отан» партиясы филиалы мәслихат депутаттары мен фракция мүшелері облысымыздың ғылым мен шығармашылық саласындағы зиялы қауыммен жүздесіп, Елбасы Жолдауын талқылады.
Дина Нұрпейісова атындағы Атырау халықтық музыка ака­демиясы музыка колледжінде болған кездесуде, алғысөзді Атырау облыстық мәслихатының депутаты, Дина Нұрпейісова атындағы Атырау музыка ака­демиясы колледжінің директоры Гүлнәр Садуақасова алды.
– Цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендету деге­ніңіз – өнертапқыштық пен білім саласын игере отырып, табысқа жету деген сөз. Бұл атал­мыш Жол­даудың төртінші басымдығы – адами капитал сапасын жаң­ғыр­тумен үндеседі. Білім беруді эко­но­микалық өсудің жаңа моде­лінің орталық буынына айналдыру – ұстаздарға артылған үлкен сенім. Шәкірттердің сыни ойлау қабіле­тін және өз бетімен іздену дағды­ларын дамыту бағытында инновациялық тұрғыда жұмыс жасау – әрбір жаңаша ойлайтын, ізденетін мұғалім үшін қасиетті парыз.
Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыка академиясы музыка колледжі студенттеріне еңбек нарығы талаптарына сәй­кес, әлемдік оқу-өндірістік тәжі­ри­белерге сүйене отырып, білім беруді, кәсіпке баулуды қолға алдық. Бұл тұрғыда кәсіби жетіс­тіктер мен ұлттық дәстүрді бірік­тіре отырып, инновация жаңалықтары арқылы әлемдік деңгейге жету үшін жұмыс істеп келеміз. Мәселен, шәкірттерді Ха­лықаралық конкурстарға қатыс­тырып, әлемдік дәрежедегі музыканттардың мастер-класс өткізуін қолға алдық – деді Гүлнәр Манапқызы.
Д.Нұрпейісова атындағы Атырау музыка академиясы, кол­леджінде «Мәңгілік ел» идеясы аясында «Ұлттық идея», «Ұлттық мұрат», «Ұлттық көшбасшы», «Ұлт­тық элита», «Ұлттық рух» тақыры­бымен тәрбиелік шаралар дәстүрлі өтуде.
Жиынға қатысушы зиялы қауым өкілдері мен мәслихат де­путаттары Елбасының Жол­дауында міндеттелген бағыттар мен тапсырмалар туралы өз ойла­рын айтып, жаһандық бәсекеге қабілетті жаңа заман адамын дайындай отырып, ұрпақ бойын­дағы ұлтжандылық қасиеттерді жоғалтып алмауға, ұлттық құнды­лықтардың сақталуына баса назар аударуымыз керек деген ортақ ойға тоқталды.
Осы орайда ел болып, Елбасы атап айтқан қала мен ауыл мек­тептері арасындағы білім сапасы­ның тең дәрежеде болуы үшін еңбек еткеніміз дұрыс деген па­йымға тоқталды.

 

Тұрсын ҚАЛИМОВА

 

Бөлісу:

Пікір жазу


*