Тең құқықтар, тең мүмкіндіктер

459
0
Бөлісу:

 

«Нұр Отан» партиясы Жам­был облыстық филиалының мәжіліс залында мүмкіндігі шек­теулі жандардың әлеуметтік бейімделуі және олардың мәселе­лерінің шешілу жолдарына бағытталған отырыс өтті.
Жалпы, бүгінгі таңда мүгедек жандардың әлеуметтік сауық­тырылуы мен қоғамға ауырт­палықсыз оралуы мемлекеттің ерекше назарында тұрғаны белгілі. Мемлекеттік және әлеу­меттік бөлімшелер ғимараттары пандустармен жарақтан­ды­рылуда, мүмкіндігі шектеулі жан­дарды жұмысқа алу міндеттелген квоталар жұмыс істеуде. Бірақ бұл жұмысты белсендіру керек, соның ішінде үкіметтік емес ұйымдар тарапынан да жұмысты ширату керек.
Жиында «Асар» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Руслан Төлегенов, облыстық мәслихат­тың депутаты Гүлдара Нұрымова, Жамбыл облысының «Азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Заитжан Юлдашевтар осы мәселелер төңірегінде сөз қозғады. Келелі мәселелердің шешу жолдарын қарастырды.

 

Ерман ӘБДИЕВ,

Тараз қаласы

Бөлісу:

Пікір жазу


*