Түркіменстан президентімен сөйлесті

361
0
Бөлісу:
Президент Үндеуі

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті.
Қазақстан Президенті әңгіме барысында Г.Бердімұхамедовті президент сай­лауындағы жеңісімен құттықтап, оған мемлекеттік қызметте табыс және жаңа жетіс­тіктер тіледі.
Мемлекет басшылары екі халықтың тарихи тұрғыдан жақындығын, сондай-ақ мемлекеттеріміз арасындағы дәстүрлі тату көршілік қарым-қатынасты атап өтті.
Сондай-ақ саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы байланысты одан әрі нығайтудың маңыздылығы айтылды.
Нұрсұлтан Назарбаев Гурбангулы Бердімұхамедовті Қазақстанға сапармен келуге шақырды. Түркіменстан президенті шақыруды зор ілтипатпен қабыл алды.

Бөлісу:

Пікір жазу


*