Елбасы зиялы қауым өкілдерімен Конституциялық реформаларды талқылады

259
0
Бөлісу:

 Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев зиялы қауым өкілдері және саяси қайраткерлермен кездесті. Елбасымен кездесуге М.Жолдасбеков, К.Сағадиев, Р.Шырдабаев, О.Әбдікәрімов, Б.Ізмұхамбетов, М.Қасымбеков қатысты.

Басқосу барысында конституциялық реформаларды талқылаумен, сондай-ақ ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы, денсаулық сақтау, ғылым және білім, ша­ғын және орта бизнес салаларын жаң­ғыр­тумен, жүргізіліп жатқан жекеше­лен­дірумен байланысты халық үшін маңызды экономикалық, әлеуметтік, қоғамдық ауқымды мәселелер тал­қыланды.
Мемлекет басшысы Тәуелсіздіктің 25 жылында Қазақстан күрделі жол жүріп өткенін атап өтіп, республикамыздың одан әрі дамуының негізгі бағыттарына қатысты өз ойын ортаға салды.
– Қазақстан танымал елге айналды, экономикамыз қарқынды дамып келеді. Енді «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауда белгіленген мақсаттар мен міндеттерді іске асыру үшін қол жеткен жетістіктерімізді пайдалана білу қажет, – деді Қазақстан Президенті.


Нұрсұлтан Назарбаев қазақстан­дықтардың алдында тұрған заманауи сын-қатерлерге назар аударды.
– Нарықтық қатынастар жолын таң­даған қоғамымыздың алдында орындалу тиімділігі елдің одан әрі дамуына ықпал ететін түбегейлі жаңа міндеттер тұр. Жа­һандық экономика дәуірінде инновация күн тәртібіндегі басты мәселеге айналды. Индустриялық төңкеріс бізді айналып өтпеуге тиіс. Біз экономикамызға инно­ва­циялық технологияларды енгізе білуі­міз қажет, – деді Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ Қазақстан Президенті бұл мақсаттың жүзеге асырылуы тиісті қаржы жұмсауды қажет ететінін атап өтті.
– Егер инновациялық технологиялар әзірлеуге қаражат бөлмесек, онда бізге әлемдік жаңа экономикалық құрылым­ның ауқымынан тыс қалу қаупі төнуі мүмкін. Жаппай өндірісті дамыту үшін жаңашылдықтар енгізу арқылы еңбек өнімділігін арттырған жөн. Бұған кә­сіпорындардың, сондай-ақ елдің жетекші жоғары оқу орындарының жанынан ғылыми-зерттеу институттары құрылып, оларға тиісті қолдау жасалғанда ғана қол жеткізу мүмкін болады. Мәселен, мұндай ғылыми-зерттеу институттарын «Алатау» инновациялық технологиялар саябағы­ның, Назарбаев университетінің жаны­нан құруға мүмкіндік бар, – деді Елбасы.
Кездесуге қатысушылар Мемлекет басшысы бастамашы болған, мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлуге бағытталған реформаларды толық қолдайтындарын білдірді. Бұл ретте ең алдымен, Парламенттің өкілет­ті­гін кеңейтуге, оның дербестігі мен жауап­кершілігін күшейтуге бағытталған қа­дамдардың дер кезінде жасалғаны және прогрессивтілігі атап өтілді. Бұған қоса, кездесуге қатысушылар республикалық және жергілікті бюджет қаражатының жұмсалуына қоғамдық бақылау жасауға, салалық бағдарлама­лардың орындалуына, жер реформасына, сыбайлас жемқор­лық­қа қарсы сананы орнықтырып, «мүлдем төзбеушілік» сая­сатын тиімді жүзеге асыруға, сондай-ақ бес институттық ре­форманы іске асыру бойын­ша Ұлт жос­парында белгіленген міндеттерді кезең-кезеңімен орындауға қа­тысты түйткілді мәселелерге тоқталды.

Бөлісу:

Пікір жазу


*