Трамптың қай сөзіне сенеміз?

286
0
Бөлісу:

АҚШ-тың жаңа  президенті алдағы  уақытта Қырым  Киевтің қарауына өтетініне  және Украинаның шығысында  жүріп  жатқан  қарулы  қақтығыс тоқтайтынына  үмітті. Бұл  жөнінде кеше кезекті брифингте  Ақ үй  баспасөз  хатшысы Шон Спайсер мәлімдеді.

Оның  айтуынша, АҚШ  президенті «Ресей Үкіметіне Донбасқа қысым  жасауды азайтып,  Қырымды  кері  қайтару»  жөнінде нақты ойын білдірген. «Дегенмен Дональд Трамп  Ресеймен  жақсы қарым-қатынаста боларына сенімді.  Өйткені  Таяу Шығыста әрекет етіп жатқан  «Ислам мемлекеті»  радикалды  тобымен және  халықаралық тероризммен бірлесе күреуге мүдделі»,-  дейді Шон Спайсер. Бір  қызық нәрсе,  президенттік сайлауалды  науқаны тұсында  Дональд  Трамп «Қырымды  Ресейдің бір бөлшегі  ретінде  танимын»  деп  мәлімдеме жасаған еді.  Енді келіп, «Қырымды  Ресей Украинаға  кері  қайтаруы тиіс» дегенді айтады.  Бұл  қарама-қайшы пікірдің қайсысына  сенуге болады?

Ресей мен АҚШ арасындағы қарым-қатынасқа  келетін  болсақ, кім-кімге қысым  жасай  бастағынын  мынадан анық  байқауға болады. Мәселен, «Ресей қатерінің  алдын алу»  деген  мақсатта  соңғы бірер айда АҚШ Еуропаға  көптеген  әскери техника  және сарбаздарын аттандырды.  Соның бірі  кеше 49 UH-60 Black Hawk и CH-47F Chinook әскери  тік ұшақ және көптеген  бронды  жүк  көліктері Германияға  жеткізілді. Келесі аптада тағы да 20 –ға тарта тікұшақтар әкелінбек. Бір айта кететін жайт, АҚШ бұдан бұрын Еуропаға  87 М1 Abrams танксін, 144 M2 Bradley БМП-сын, өзі жүретін  18 M109 Paladin гаубицасын және  4 мың  жауынгер жеткізген. Мұның бәрі не  үшін  Ресей шекрасының маңайына  орналастыра бастады? Әрине  мұны   алдағы  уақытта  Шығыс  Еуропа  және Балтық жағалауы елдерінде  өтетін НАТО-ның

Atlantic Resolve әскери  оқу-жаттығу жиыны аясында болып  жатқан  іс-шара  деуге де  болар  еді. Бірақ  бұл әскери  техника мен  әскер жиын біткен соңда  осы аймақта қала бермекші. Неге? Бұл жағы белгісіз.

Айнұр  Қазыкенова

Бөлісу:

Пікір жазу


*