Таяу Шығыста «Араб НАТО-сы» құрылуы мүмкін

418
0
Бөлісу:

Әлем Дональд Трамптың халықаралық саясаттағы қадамын әлі аңдып отыр. Ақ үйдің әлі бұл бағыттағы позициясы әлі анықталған жоқ. Трамптың тарапынан бірді-екілі пікірлер болмаса, жағдайдың әлі қалай қарай бағыт алары белгісіз.
Десек, те, кейбір ақпарат көздері Ақ үйдің алдағы болатын саяси ауа райын алдын ала болжай бастаған сияқты. Қазірдің өзінде «АКШ президентінің әкімшілігі Таяу Шығыста жаңа әскери альянс құру мүмкіндігін қарастырып жатқанға ұқсайды» деген ақпар тарады. Алдын ала жеткен мәліметке қарағанда, Ақ үй Иранға қарсы тұра алатын «арабтық НАТО» ұйымын құрмақ. Сондай-ақ бұл ұйымға Израильдың одақтастары мен оған жау мемлекеттер де кірмек.
Жобаланған әскери ұйымға Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Египет пен Иордания және тағы басқа елдер кіреді деген болжам бар. Сонымен қатар, араб елдері қорғаныс саласы бойынша бір-бірімен келісімшартқа қол қояды. НАТО ұйымының бесінші бабы бойынша егер бір елге басқа мемлекет шабуыл жасаса, бұл қалғандарына да жасалған шабуыл болып саналады.
Бұл қазіргі жасалынып жатқан әскери жоба. Бірақ Ақ үй әкімшілігінің ығымен жүретін және оған қарсы елдер бұған қалай қарайды? Ал ақиқаты, Трамп «халықаралық саясатты реттеймін» деп тағы жағдайды шиеленістіріп алып жүрмей ме? Оны уақыт көрсетер. Десек те, кейбіреулер «бұл ұйымды Иранға қарсы жасалынып жатқан жоба» деп отыр.
Берік БЕЙСЕНҰЛЫ

Бөлісу:

Пікір жазу


*