Шетел сарапшылары реформалық өзгеріске оң баға берді

420
0
Бөлісу:

Талқыланып жатқан конституциялық өзгерістер демократизация жолындағы саяси процестің барлық қатысушының жауапкершілігін арттыратын шешім. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясының саяси талдау және стратегиялық зерттеулер орталығы «Қазақстан: саяси модернизацияның жаңа кезеңі» тақырыбындағы дөңгелек үстелде айтылды.

–  Халықаралық сарапшылар қоғамдастығы аталмыш бастаманың тарихи бірегейлігін айтып, қолдайды. Бірнеше елдің тарихынан Президенттің ерікті түрде белгілі бір өкілеттіктерін Үкімет пен Парламентке өткізгенін білеміз. Өзгерістер  билік тармақтары арасындағы тиімді ынтымақтастық үшін, Үкімет пен Парламент жауапкершілігін жоғарылатып, Парламенттің мемлекет істеріндегі қатысуын арттыруға арналаған, –  деді «Нұр Отан» партиясының саяси талдау және стратегиялық зерттеулер орталығының басшысы Юлия Кучинская.

Сонымен қатар ол бірқатар сарапшылардың Қазақстандағы экономикалық модернизацияға салыстыру жүргізгенін атап өтті.

–  Алдымызға қойған мақсат тек экономика саласына өзгерту енгізуді ғана емес, сондай-ақ, билік тармақтарының өзара іс-қимылы мәселелерінде тиімді бірігіп жұмыс атқаруды, жемқорлық деңгейін азайтып, дамудың жаңа кезеңіне шығуды талап етеді, –  деді ол.

Баку халықаралық мультикультурализм орталығының кеңесшісі Тофик Аббасов реформадағы өзгерістер халық пен билік арасында кеңейтілген диалог орнатуда, шынында да, тамаша мүмкіндік екеніне тоқталды.

– Өзгеріс бойынша мемлекет басшысы «қызмет қылу биліктен жоғары» және «әділеттілік ұжымдық қызғушылықтан жоғары» ұстанымдары негізіне сай заңнаманың орындалуында, сауатты іскерлік қарым-қатынас жүргізуде қолдаушы болып есептеледі, – деді ол.

Т.Аббасовтың айтуынша, бұл толығымен әлсіз басқару жүйесінің алдын алып, азаматтардың үмітін ақтайды. «Ақырында, ұлттық бюрократия мәңгілік және ол еңсерілмейді деп ойлаушылар үшін, – деді сарапшы, – өз ойларын тағы бір бағамдап көруіне тура келіп тұр».

Ресей ғылым академиясының ғылыми кеңесінің мүшесі, ЕЭО институтының директоры Владимир Лепехин билік мойындай бермейтін БАҚ, қоғамдық бірлестіктер, сараптаушы қоғамдастықтар сияқты әлеуметтік және өзге де топтар көбіне оппозициялық бағыттың өзегі болып есептелетінін атап өтті. Сондықтан да саяси жүйені екі негізгі бағытта үздіксіз дамытып отыру қажеттігін айтты.

– Біріншісі, саяси институттарды, соның ішінде президенттік билік, парламент және саяси партиялар жүйесін үздіксіз дамыту. Екінші бағыт азаматтардың үлкен топтарын түрлі жүйелік форматқа саяси араласуына қызықтыру арқылы биліктің саяси әсер ету кеңістігін кеңейту, –  деді ол.

Сонымен бірге, ол ұлттық саяси жүйеге шығармашылық жақындау және инновациялық мекемелердің үлгісі ретінде Қазақстан халқы ассамблеясын, Ресей Федерациясы қоғамдық палатасын, Ресей мемлекеттік кеңесі мен өзге де кейбір азаматтардың топтарын елдің саяси өміріне қатысуын кеңейту мақсатындағы ұйымдарды атауға болатынын айтты.

Еуропалық интеграция мәселелері орталығының директоры Юрий Шевцов қазақстандық консультативтік демократия нұсқасына тоқталды.

– Консультативтік демократия Қытайда табысты дамып келеді. Оның біраз элементтерін Қазақстанда да қолдануға болады. Тұтастай алғандағы Үкіметтің, министрлік пен ведомстволардың, Парламенттің өкілеттігін кеңейту, ведомстволар мен билік органдары арасындағы консультативтік құрылымның кең ауқымда дамуымен қатар жүруі тиіс. Бұл құрылымдардың шын мәнінде болуы және экономика мен мемлекеттік басқару саласындағы тұлғалардың өмірлік мүлделерімен шын мәнінде үйлесім табуы керек, – деді Ю.Шевцов.

– Еуразия кеңістігіндегі шетелдік ойыншылардың ойынша, қағида тұрғысынан маңыздысы Қазақстанның еуразиялық интеграциялық сыртқы саясатта өз көршілерімен және бұрыннан келе атқан әріптестерімен ынтымақтастығын және ішкі саяси процестерді дұрыс басқаруды сақтап қалу, – деді сарапшы.

Ю.Шевцовтың айтуынша, бұларсыз Еуразияның солтүстігі мен Орталық Азияда аймақтық қауіпсіздіктің болуы мүмкін емес. Сондай-ақ еуразиялық интеграция мен жаңа Ұлы Жібек жолы негізіндегі кез келген жоба да жүзеге аспайды.

Дөңгелек үстелге белгілі шетелдік және қазақстандық сарапшылар, халықаралық ұйымдар мен саяси партиялардың өкілдері қатысты.

Таңшолпан ТӨЛЕГЕН

Фото: Советбек МАҒЗҰМОВ

Бөлісу:

Пікір жазу


*