Сенаторлар – Ұлттық нейрохирургия орталығында

576
0
Бөлісу:

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Бірғаным Әйтімова бастаған комитет мүшелері «Ұлттық нейрохирургия орталығы» акционерлік қоғамында болды. 

Кездесуді ашқан Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жария еткен «Бес институттық реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам» Ұлт жос­парын жүзеге асыруда Парламент қажетті заңнамалық база қалыптастырғанын атап өтті.
Б.Әйтімова, сондай-ақ Парламент алдында Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жол­дауындағы барлық басымдықтарды іске асыру аясында ауқымды әрі жауапты жұмыстар тұрғанын атап өтті.
Сенатор сырқаттарға жоғары білікті нейрохирургиялық көмек көрсетудегі орталықтың елеулі үлесіне тоқталды, сондай-ақ комитет мүшелерінің осы сапары міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың жаңа үлігісін енгізудің қарсаңында денсаулық сақтау сала­сындағы мекемелерді таныстыру шараларының бір бөлігі екенін айтты. Бұрын комитет Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшылығымен кездесу ұйымдастырған болатын.
Кездесу барысында «Ұлттық нейро­хирургия орталығы» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Серік Ақ­шолақов орталықтың жұмысы туралы әңгімеледі. Депутаттар балалар ней­рохирургиясы, реанимация және ин­тенсивтік емдеу, орталық жүйке жүйе­сінің патологиясы, госпитальдық фармация, антиографиялық операция бөлімдерінде, сондай-ақ тренинг орталығында болды.
Кездесу барысында егжей-тегжейлі пікір алмасты. Сенаторлар ден­саулық сақтау саласының алдында тұрған жекелеген мәселелерге тоқталды. Сенат депутаттары А.Бижанов, Ә.Бектаев және Ж.Ерғалиевөз ойларын ортаға салды.
Жүздесуді қорытындылай келіп сенатор Бірғаным Әйтімова кездесудің маңыздылығы мен нәтижелі болғанын атап өтті. Оның пікірінше, келушілердің әрқайсысы заң ережелерін іс жүзінде орындалуы туралы жан-жақты хабардар болды.

Серік САДЫР

Бөлісу:

Пікір жазу


*