Елбасы Ақтөбе облысының әкімін қабылдады

185
0
Бөлісу:

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевты қабылдап, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы сұрады. Өз кезегінде облыс әкімі Президентке 2016 жылдың қорытындысы жайлы есеп берді.

Елбасы Ақтөбе облысы перспективалы өнеркәсіптік өңір болып саналатынын, дегенмен еліміздің ішкі жалпы өніміне қосатын облыстың экономикалық үлесі жылдан-жылға азайып келе жатқанын айтты.
– Мұндай үрдіс 2012 жылдан бері жалғасуда. Біз оның себептерін анықтап, тиісті шаралар қабылдауымыз керек. Егерде ауыл шаруашылығы экспортын арттырамыз десек, қайта өңдеу өндірісі нысандарын дамытуға мән беру қажет, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекет басшысы шағын және орта бизнесті дамытып, оның өңір экономи­касындағы үлесін 50%-ға жеткізудің маңыздылығына назар аударды.
Сондай-ақ Қазақстан Президенті облыстың әлеуметтік саладағы жұмы­сы­ның басымдығы бар бағыттарын белгілеп берді. Соның қатарында балабақша са­нын көбейту, апатты жағдайда тұрған мектептерге жөндеу жұмыстарын жүргізу, бұған қоса бірқатар білім беру меке­мелеріндегі үшінші ауысымды жою мә­селелері бар.
Ақтөбе облысының әкімі өңірдің экономикалық жағдайын жақсарту, соның ішінде өнеркәсіп секторын да­мыту, ауыл шаруашылығына инвестиция тарту және халықты жұмыспен қамту мақсатымен жүргізілген жұмыстар туралы айтып берді.
– Жыл қорытындысы бойынша облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері өскені байқалады. Ең бастысы, жұмыс­сыз­дықтың көбеюіне жол берген жоқпыз. Мем­лекеттік бағдарламалардың дер ке­зінде жүзеге асырылуы нәтижесінде, был­тыр 16 мың жаңа жұмыс орны ашылды, – деді Б.Сапарбаев.
Кездесу соңында Елбасы облыс әкі­міне бірқатар нақты тапсырма берді.

Бөлісу:

Пікір жазу


*